Өз елі мен тегін ұмытқан Канделаки қазақтарға: «Өткенді ұмытпаңдар», - дейді

Қазақстанның Көлік министрлігі бірқатар станциялардың атауын өзгертуге ниетті деген жаңалық ресейлік тележүргізуші және «Газпром-медиа» холдингі басшыларының бірі Тина Канделакидің қытығына тигенін кеше  тәптіштеп жаздық.

1705489781902373.jpg

КАНДЕЛАКИДІҢ КӨПІРУІ ҺӘМ ҚАЗАҚТЫҢ ЖАУАБЫ

Канделаки өз пікірін кеше желіге жазып, онысы екі елдің арасына от саларлық күшке ие болды. Қазақ қоғамы наразылық білдіріп, пікірлерін білдірді. Бұл Путиндік Ресейдегі оңшылдарды сөз етпегенде, либералды көзқараста дейтін солшылардың империяшылдық дертіне басы бүтін шалдыққанын айқын ұқтырды.

1705489378227444.jpg

Сонымен Тина Канделакиге дейін «орыс тілін құрметтемейтін ОА жабайлары» деген саяси лейбл қалыптасып қойған болатын. Оған Ресей жұртты кәміл сенеді. Осы сендіру қалай басталған еді?

1705489594258443.jpg

ОА-ДАҒЫ РУСОФОБИЯ ТУРАЛЫ АРАНДАНУ ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ?

Орталық Азия (ОА) елдеріндегі ойдан шығарылған русофобия тақырыбын көтерушілер КСРО ыдырағаннан кейін, тәуелсіздіктің кенеттен құлдырауынан күйзелген «атақты ұлттардың» өкілдері ресейліктер Ресейге кететін болса, олардың елдеріндегі өмір бірден жақсарады деп ойлаған 1990-шы жылдардың басымен жиі салыстырып: «Бірақ олай болған жоқ. Керісінше, жылдар өткен сайын Өзбекстанның, Тәжікстанның және Қырғызстанның «байырғы» тұрғындары өз отбасын асыраудың жалғыз жолы - Ресейге жұмыс істеу екенін түсінеді», - деп шолақ ойлылықпен қорытынды жасайды.

Тілдік өзгешелік емес, экономикалық фактор басты орында тұрғандығын ескергісі келмейді. ОА Ресейдің ұлттық аймақтары сияқты орыстандыруға көне қойған жоқ, оның себебі жергілікті ұлттардың Ресей империясы құрамына кейіннен қосылуынан және орыстар басып алғанға дейін өздерінің дербес мемлекеттері болғандығын түсінгісі келмейтін империяшылар қисынды өтіріктерімен өз жұртының миын улап бітті.

Посткеңестік кеңістіктегі русофобияның кенеттен басты орынға шыға келуі әлем жұртшылығы үшін мүлдем түсініксіз құбылыс. Тап осы сорақы құбылыс ресейлік ақпарат алаңынан ультралибералды БАҚ-тың бас көтеріп «шығуымен» таңқалдырады. Тіпті саясаттан алыс орыс зиялы тобы да осы дертпен уланып, қазір Орталық Азияда бір-екі отбасылық-ошақ қасылық русофобия фактісін «бүкіл халықтың пікірін» көрсету үшін жандарын салып кірісіп кетті. Сонымен қатар, ақпараттық агенттіктер Ресей бейнесін жасауда ОА халықтарын орысқа жау қылып көрсетуді бірінші орынға шығара бастады. Осындай жолмен, жекелеген жағдайларды тұтастай ұлтқа таңып, өздеріңіз білетіндей, әлемді кішкентай терезе арқылы қарап, бағалау мүлдем дұрыс емес.

«ОА-дағы орысқа қарсылықты Батыс БАҚ-тары қоздырып отыр» деген тезис өзін орыспын деп санайтын әрбір ресейліктің жадысында таңбаланып қалуда. Олар ОА туралы БАҚ не десе соған сенетін күйге жетті.

Сондағы айтатын уәждері: «Батысшыл БАҚ Орталық Азия елдерінде Ресейге қарсы көңіл-күйді қоздыруды жалғастыруда. Мұның бәрі ұлтшылдық мәселесімен тығыз байланысты, Батысшылдықты патриотизм деп санайды, нәтижесінде адамдар өздерін алдап, басқалар үшін «лас жұмыс» атқаратынын түсінбейді», - деп аттандап ойбайға басуда.

Ұлтшылдық пен нацизм арасындағы шек өте нәзік екенін ресейліктерге түсіндіретін ақылы түзу адам бұл елден табылмауы жағдайды мүлде ушықтырып жіберді. Түсіну маңызды. Ұлтшылдықтың патриотизмнен басты айырмашылығы - бір ұлттың екіншісінен артықшылық идеясын насихаттау, ол қкөп жағдайда бақыланбайтын және негізінен «үстем» ұлт өкілдерінің басқа ұлт өкілдеріне қысым көрсетуінен көрініс табады. Бұл сөзсіз қақтығыстар мен соғыстардың туындауына әкеледі.

1705489530514015.jpg

КАНДЕЛАКИДІҢ ЕКІНШІ МӘРТЕ ЛАҒУЫ

Кешегі Путиншіл журналист Тина Канделакидің лепірмесінен кейін, қазақтың сергек саналы азаматтары қатқыл жауап қата бастағанын жоғарыда жаздық.

Ақыры қазақ қоғамының уәжді сөздері шамына тиген танымал ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки қазақтардың өзіне жабыла тискеніне төмендегйдей үн қатыпты:

«Қазақстан өкілдерінің менің кешегі постыма орыс тілін ығыстыру туралы реакциясын қызығушылықпен және қайғымен бақылап отырмын. Айқайлау, шу көп. Бірақ жаңа ештеңе жоқ.

Құрметті қазақтар, сіздерде «мәңгі» деген қарапайым, бірақ ауқымды ұғым бар. Одан мәңгүрттің танымал бейнесі - жадын, ұқсастығын, кейде ақыл-ойын жоғалтқан адам туындайды. Өзіңді және болған оқиғаларды есте сақтамау – тарихты оның барлық көріністерінде, оның ішінде тарихи атауларда алып тастау - сауатсыз ғана емес, қауіпті де іс.

Ең алдымен ғарышта емес, жерде өмір сүретіндер үшін! Өткенді есте сақтамау - «Борат» фильміне қол шапалақтау. Оған Қазақстаннан басқа кім тыйым салды? Ресей және Шығанақ елдері. Ал Батыстың ағартылған эльфтері туралы не айтасыз? Түкіргісі келген жоқ. Олар үшін қазақтар кім? Фильм бойынша жауап анық!

Өткенді есте сақтамау - екі жыл бұрын Қазақстан елінің тіршілігін тоқтата қойғанын есте сақтамау! Не жақсы? Жанып жатқан қалалар ма, әлде көмекке келген көршілер ме?

Өткенді есте сақтамау - сән киімдерін орап, интернетте бір нәрсені сөйлеп, екіншісін жасағандай күлкілі көріну. Қазақ есімдері дейсіз бе? Сіз Астанадағы Шарль Де Голль көшесіндегі «Монако» қонақ үйі туралы айтып отырсыз ба?

Азырақ ыза, көп ақыл керек. Сонда сізге ешқашан американдық БАҚ-қа Бораттың әзілдері ұнағанын түсіндіруге тура келмейді. Ең болмағанда, әзірге қастарыңда Ресей бар», - дейді Тина.

Осылайша, ақыл айтқан Тина ханым, ақ және қызыл отарлаудың Ресей картасындағы атауларды 99 пайызға өзгертіп жібергенін естен шығарып алғаны өкінішті. Бір жақсысы орыс тілді қара қазақтар өздеріне кімнің қас, кімнің дос екенін осы әулие санап жүрген Тиналарының сөзінен ұққандай болғаны біз үшін тарихи сабақ.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар