Досым Сатпаев:Ресей Украинаны алса, келесі кезекте Қазақстан болар еді...

2024 жылы Қазақстанда Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанның қатысуымен ауқымды әскери жаттығулар ұйымдастырылады. Осыған байланысты Әзербайжан тарапы (Minval.az сайты) қазақстандық саясаттанушы Досым Сатпаевтан сұхбат алған болатын. Біз аталмыш сұхбаттың Қазақстанға қатысты тұстарын назарларыңызға ұсынамыз.


Досым Сатпаев: В основе бунтов лежит не бедность, а отсутствие  справедливости

(Сурет Islam.kz cайтынан)

 

– Соңғы жылдары Ресейдің Қазақстанға әскери агрессия жасауы мүмкін екені БАҚ-та жиі айтылып жүр. Ресей 1991 жылы тәуелсіздік алған елдерді қайта жаулап алғысы келеді деген ой бары айтылуда. Бірінші болып Украинаға соғыс ашты. Егер Ресей осы бір елдегі жоспарын іске асырса, ары қарай Қазақстанға баруы ықтимал ма?

 

– Ресей 2014 жылы «Қырым біздікі» деген экспансиялық жобаны іске асыра бастаған сәтте, Ресейдің конфронтациялық сыртқы саясатына сараптама жүргізіле басталды, оның Қазақстанға қаншалықты қауіпті екені де сараланды. 2014 жылға дейін де, кейін де көптеген ресейлік саясаткерлер, журналистер, сарапшылар Қазақстанға қатысты арандатушылық ойлар айтты, оның көбі Қазақстанның солтүстік аумағына қатысты еді. Әрине, бұл Қазақстанға Ресей тарапынан төнетін қауіпке қатысты пікірталасты күшейтті. Украина соғысы басталғанға дейін бұл қауіп өте жоғары болды деуге негіз бар. Қазір біз Қазақстанда "Украина біз үшін де соғысып жатыр" дегенді жиі айтамыз. Өйткені егер Путин блицкриг жасап, Киевті бір аптада алып, орнына ресейшіл билікті қойса, сөзсіз келесі кезек Қазақстан еді.

 

Ресейдегі стратегтер Ресей ықпалын арттыру, орыс әлемін нығайту дегенді ойлап тапқан сәтте, олар ең алдымен көршілес елдерден бастау керектігін ойластырды. Шекаралас елдерді айтамын. Беларусьпен Ресейдің қатынас онсыз да жақсы еді, оның үстіне одақтас ел дегенді тереңдете түсті. Украинаға да осы сценарийді ұсынып көрді, бірақ одан түк шықпады. Егер Украинада іске асса, одан кейін бізге келер еді. Олар Қазақстанда көптеген гибридтік тетіктерді қолдануы мүмкін еді. Бесінші колонна, экономикалық рычагтар және басқа дегендей.

 

Алайда Украина соғысы олардың жоспарын тас-талқан етті. Біріншіден, Украина Ресейдің әскери күшін әлсіретті, ал екіншіден Ресей тіпті Қазақстан мен Орталық Азияға  тәуелді бола бастады. Өйткені «бейресми импорт» деп аталатын тауар түрлері Ресейге көбіне Орталық Азия арқылы кіріп жатыр. 2023 жылы Қазақстанға Батыстан, АҚШ, Ұлыбртания, ЕО елдерінен көптеген өкілдер келді. Олар антиресейлік санкцияларды күшейту мәселесін талқылап, бейресми импортты бақылауды күшейту керектігін айтуда.

 

Екіншіден, Қазақстанның өзге серіктестерінің әрекеттерін де айтуға тиіспіз. Түркия Түркі мемлекеттерінің ұйымы аясында бірқатар бастамаларды бастады. Тіпті Ердоғанның Қазақстанның аумақтық тұтастық пен тәуелсіздігіне кепілдік беретіні жайлы да сөздері бар. Сонымен бірге Қытай төрағасы Си Цзиньпин екі мәрте осыған ұқсас мәлімдеме жасады. Олар Қазақстанның аумақтық тұтастығына мүдделіміз дейді.

 

Бірақ бізді қазір Ресейдің әскери агрессиясына қарағанда экономикалық экспансиясы көбірек алаңдатады. Өйткені ресейлік компаниялар релокант болып келіп жатыр. Ресей азаматтарының саны да еселеп артты. Мысалы 2019 жылы 6 мыңға жуық ресейлік компания болса, қазір олардың саны 19 мыңға жеткен.


462-й день войны России против Украины. Онлайн RFI

 

Қазақстанда орыс халқының саны Әзербайжанмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Бұл тарапта қандай мәселе бар?

 

– Орыстардың үлесі бізде барлық өзге Орталық Азия елдерімен салыстырғанда көп саналады...

 

Ол азаматтардың кейбіреулері үшін Ресей тарихи отаны саналады. Біраз уақыт өткен соң, Ресей Қазақстанға «қазақстандық орыстардың мүддесін қорғаймыз» деп басып кіруі мүмкін бе? Ресей осылай әрекет етуші еді әдетте.

 

– Олай болуы мүмкін. Бұл олар үшін бірнеше мәрте іске асқан тәжірибе. Украинаға соғыс ашқанға дейін, ресейлік тараптан Қазақстанға қатысты айтылған ұрандар дәл сол бір лозунг аясында жинақталды. Осыған ұқсас модельді Ресей Украина жерінде 2014 жылы және 2022 жылы көтерді. «Қауіпсіздіктерін қамтамасыз етеміз», «құқықтарын қорғаймыз» дегенді айтты. Өкінішке орай Қазақстанда өмір сүретін біраз адамның миы, көзқарасы Ресейдің ақпараттық алаңына кіріп кеткен.

 

Көбіне бұл Кеңес кезеңін көрген азаматтар. Бұл жерде этникаға қарамайды. Ресейлік пропагандаға сенетіндер түрлі ұлттан десек те болады. Қуантарлығы қазір Қазақстанда да, Әзербайжанда да тәуелсіздік ұрпақтары пайда болып жатыр. Олар Кеңес кезеңін еске алғысы келмейді және өз ойлары бар. Дәл осы ұрпақ суверенитетті қорғайтын және ұлттық бірегейлікті сақтайтын күшке айналады. Қазір Қазақстанда объективті алып қарайтын болсақ қазақтардың саны артуда және сәйкесінше қазақ тілділердің де саны артуда.

 

Егер 1989 жылы Қазақстанда 40% ғана қазақ болса, қазір ол 70%-дан жоғары. Демографиялық тұрғыдан Қазақстанның тәуелсіздігін қолдайтындар саны арта беретінін көріп отырмыз. Бұл ресейлік пропаганданың санын да азайта береді, себебі жастардың көбі қазір қазақ тілді контентке көбірек назар аударуда.

 

У военных Казахстана и США появится общий план

(Сурет uralskweek.kz сайтынан)


НАТО болашақта Ресей ықпалын азайту үшін Орталық Азия елдеріне, оның ішінде Қазақстанға ұйымға кіруге ұсыныс жасауы мүмкін бе?

 

– Жоқ, бұл мүмкін емес-ау. Қазақстан НАТО-ға мүше болуы мүмкін деген мәселе көтерілген емес. Ондай міндет те қойылған жоқ, пайда болуы да екіталай. НАТО-ның да оған мүдделі болуы қиын, тіпті Украинаны ұйымға алудың өзінде процесс тым баяу екенін көріп отырмыз. Қазір Қазақстан қаружарақ алуды әртараптандыруды қарастыруда, оның ішінде қарудың біраз түрін өз жерімізде жасау мәселесі бар. Өткен жылы қорғаныс өнеркәсібін қолдайтын қор құрылатыны айтылды, ол қару шығаратын отандық кәсіпорындарды қолдайтын болады. Оның үстіне Украина соғысы қандай қару тиімді, қайсысы тиімсіз екенін көрсетіп жатыр. Біз қазір ресейлік қарудың тиімсіз екенін көріп отырмыз, көп тұста ол байқалды. Кей тұста ол тым ескі, ал кей тұста ХХІ ғасырға сай еместігі көрінді.

 

Ресейлік әскер тіпті ирандық дрондарды қолданып жүр. Бұл соғыс Қазақстан Ресейден ғана емес, қажетті, тиімді қаруды өзгелерден де сатып алу керектігін танытты. Процесс қазірдің өзінде басталып кетті. Қазақстан мен Қырғызстан Түркиядан дрондар алуды бастады. Сондықтан НАТО-ға мүше болу мәселесі емес, қазір сапалы қару алу, қорғаныс саласын дамыту мәселесі көтерілуде.

 

– Украина-Ресей соғысына қандай болжам атйып, баға бересіз?..

 

– Қазақстанда соғыс басталған сәттен бастап көпшілік Украинаны қолдап, оны жақтайп келеді. Киев өз алдына қойған мақсаттарға қол жеткізсе дейді. Алайда реализм тұрғысынан қарасақ соғыс тым ұзаққа созылатын фазаға көшті және ұрыстың барысын көптеген фактор анықтайтын күйге түсті. Ресейде Путин тұрғанда да жағдай өзгере қоюы екіталай. Екінші сұрақ, Путин кеткен соң не болады және Ресей билігі қалай ауысады деген мәселе. Мен Путиннің биологгиялық тұрғыдан кетуін айтамын, Пригожиннің бүлігі іспеттес сценарийді емес. Міне, осы сәтте сұрақ туындайды: Путиннен кейін жаңа билік қалай әрекет етеді? Ол Путиннің мұрагері ретінде соғысты жалғастыра ма, әлде басқа формула іздей ме? Бұны ресейлік фактор деп атайықшы.

 

Екінші фактор Украинамен және оны қолдайтын серіктестерімен байланысты. АҚШ-тағы сайлау бар, Еуропа елдерінің қолдауына қатысты да анықтылық аз, кей тұста популистік күштер бас көтеруде. Кей елдер Украинаны қолдауға қатысты белсенділігін азайтуда. Бұл факторлар ұрыс даласына өте маңызды әсер етеді.

 

Соғыстың тағдыры өзге елдердің кабинетінде шешіледі. Зеленский неге әр елге барып жүр. Өйткені ол үнемі келіссөз жүргізіп, украиналық позицияны күшейтуге тырысып жатыр. Ұрыс даласы стратегиялық мәселені анықтайды, келіссөздегі салмақты күшейтеді. Бірақ шешім кабинеттерде қабылданады ғой. Зеленский қазір батыс елдерімен ғана емес, Жаһандық оңтүстік деп аталатын елдермен де кездесу өткізуде. Өйткені бұл елдердің көбі не бейтарап, не іштей Ресейді қолдайды. Зеленский өзіне әлемнің түрлі аймағынан, Африка, Азия, Латын Америкасы және басқадан қолдау керектігін жақсы түсінеді. Сол себепті мен саяси, дипломатиялық, әскери процесстер Украинаның жеңіске жетуіне әкеледі деп санаймын.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар