Алматыдағы жер сілкінісі: Досаев әкімдігі не істеді? Атығаев не дейді?

2024 жылғы 23 қаңтарда ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек 6 баллдық жер сілкінісі тіркелді.

1705996259853710.jpg

00:42-де жер сілкінісі қайталанды. Бірақ тап осы Алматыдағы жер сілкінісінен бұрын тұрғындарға ескерту СМС-хабарламалары келген жоқ. Керек десеңіз, қалада дабыл қағылмады. Және Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті барлық ақпараттарды тек орыс тілінде бергені тіптен масқара болды.

Халық дүрлігіп, әлеуметтік желілерде орын алды-мыс дейтін лақап кесеуеттер желдей есті. Соның бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰМУ жатақанасы қирап, студенттер қаза болды деген жалған ақпарат. Және хабарлама алдын ала жаслмағандықтан, жүрт дүрліккені құзырлы орындардың төтенше жағдай кезіндегі дәрменсіздігін танытты. Бүгін өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасау құралдарының неліктен іске қосылмағанын түсіндірді.

АЛМАТЫ ТЖД БАСШЫСЫ НҰРЛАН АТЫҒАЕВТЫҢ ТҮСІНДІРМЕСІ

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, жер сілкінісі кезінде дабыл тек 5,5 баллдан асқан кезде қағылады.

1705996042804976.jpg

(Сурет: 716.kz-тен алынды)

«Қалада 843 электрлі дабыл қағу құрылғылары бар. Бұл қаланы 100% қамтып отыр. Жер сілкінісінің магнитудасы 5,5 баллдан асқан кезде ғана дабыл қағылады. Ал түнде қалада болған тербеліс күші 4-5 балл шамасында болды. Сондықтан ажиотаж тудырып, елді бекер дүрліктірмеу үшін дабыл қағылмады», – деді Атығаев.

Бұған қоса, ол қала тұрғындарының жер сілкінісі туралы алдын ала ескерту хабарламаны неліктен жер сілкінісінен кейін алғанын түсіндіріп өтті.

«Халық саны көп әрі байланыс операторлары ақпаратты оқып үлгермейтіндіктен, СМС-хабарламалардың кеш түсетінін анықтадық. Біз хабарлама жіберу тәжірибесінен ақырындап бас тартып келеміз. БАҚ беттерін ақпарат сағат 00:11 жарияланды. Содан кейін біз әлеуметтік желі арқылы ақпарат беріп отырдық», – деді Атығаев.

Анығырық айтсақ, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы.

Сезгіштігі туралы мәліметтер (MSK -64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл, Шымкент 2 балл жер сілкінісі орын алды.

Осы жағдайға байланысты Алматы әкімдігі қаланың әр аймағында ТЖ кезінде халық жиналатын орындарды ашты.

Әкімдіктің баспасөз қызметі барлық мәлімет 2ГИС Алматы платформасында орналастырылғанын, «зардап шеккен халықты қабылдау пункті» бүкіл қала бойынша ашық екенін хабарлады. Картадан халық жиналатын орындар көрсетілген нұсқаулықтар таратылды. Сонымен қажетті деректер Алматы қаласы ТЖД және аудандық әкімдіктердің ресми сайттарына орналастырылған. Жағдайды қадағалау үшін жиналу орындарына аудан әкімдіктерінің қызметкерлері барған.

Қала әкімі Ерболат Досаев қалалық төтенше жағдайлар департаменті мен сейсмология институтынан тұратын шұғыл штаб құрды.

«Осымен қаланың әр ауданында ТЖ кезінде халықты жинау орындары жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Көбінесе бұл ең қатаң құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетін білім беру ұйымдары: мектептер, балабақшалар, колледждер, жоғары оқу орындары. Пункттер туралы барлық мәліметтер «2ГИС Алматы» платформасында орналастырылған. Іздеу жүйесіне «зардап шеккен халықты қабылдау пункті» қосымшасын енгізу кезінде карталарда тұрғындарға арналған барлық жиналу пункттері бейнеленеді. Мұндай мәліметтер Алматы қаласы ТЖД мен аудандық әкімдіктердің ресми сайттарында да бар», - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Көптеген алматылықтар жиналу орындарына аттанды. Рас, олардың кейбіреулері жабық боп шықты.

Үшінші сілкініс алматылықтар жергілікті уақыт бойынша түнгі 1:40 шамасында сезінді. Елеусіз ауытқулар болды, біреулер оларды мүлде сезген жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Алматыда түнгі сағат бірден бастап жеңіл және орташа дәрежедегі түрлі жарақаттармен 44 адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл бас жарақаттары, аяқ-қолдың қысылуы, созылуы. Олар түрлі көрсеткіштермен қалалық стационарларға жеткізілді. Олардың 34-і ересектер. Үш адам ауруханаға жатқызылды, 31 адам амбулаториялық емделуге жіберілді. Сондай-ақ, 10 балаға медициналық көмек көрсетілді, оның 5-уі ауруханаға жатқызылды, 5-уі амбулаториялық емделуге жіберілді.

Бұдан басқа, Алматыда мектептер мен колледждерде бірінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды. Балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді, балабақшаға бару - ата-аналардың қалауы бойынша.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар