Ким кімді жазаламақ? Кимді кім жазаламақ?

Солтүстік Корея билігі 2023 жылдың қарашасынан бастап Оңтүстік Кореямен жасалған бірқатар келісімдерді тоқтатты. Бұл қауіпті сигнал дейді сарапшылар.


РСМД :: Два мира: разделенные Северная и Южная Корея. Неразрешенная угроза  безопасности в АТР

 

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын үш ай ішінде онға жуық зымыран сынағын өткізген. Сонымен бірге ол қару шығару кешендеріне барып, зымыран өндірісі мен снаряд шығаруды арттыру керектігін айтып, ондаған жиын жасады. Ким Чен Ын 15-қаңтар күні қолбасшыларын жинап, соғысқа дайындықты күшейту керектігін және Оңтүстік Кореяның кез келген арандату әрекетіне қатаң жауап беру қажеттігін айтты. Ол жиын барысында «Оңтүстік Кореяны Солтүстік Кореяның басты жауы» деп заңға бекітуді тапсырды.

 

23-қаңтарда әлемдік БАҚ Солтүстік Корея билігі қос Кореяның қосылуын насихаттайтын ескерткішті сүріп тастағанын жазды. Спутниктік суреттерде алып ескерткіштің жоқ екені байқалады. Ескерткіш 2000 жылы қос Корея арасындағы тарихи кездесуден кейін салынған болатын. Бір-біріне қол созған екі адамның кейпінде жасалған тас мүсін «екі Корея соғыссыз қосылу жолын іздейді» деген мағынаны білдіреді. Алайда бүгінде оны сүріп тастау арқылы, Ким Чен Ын агрессиялық саясатқа көшуге дайын екенін аңғартқандай.

 

2024 жылды Солтүстік Корея Оңтүстік Корея бағытына снаряд жаудырумен бастады. Снарядтар екі ел арасындағы су айлағына түскен. Жауап ретінде Сеул солтүстік бағытқа снаряд атты. Бұл тараптар арасындағы шиеленісті күшейте түсті.

 

Ким Чен Ын Жапония бағытында зымыран ату сынақтарын да арттырды. Бұл Токионы алаңдатып отыр. АҚШ Солтүстік Кореяның әрекетіне байланысты Вашингтон-Сеул-Токио бірлестігі негізінде жаттығу өткізді. 2024 жылы Оңтүстік Корея мен АҚШ бірнеше бірлескен жаттығу өткізбек. Ал Пхеньян Оңтүстік қалт басып, қауіп төндірсе оны жойып жіберемін деп айбат шегіп, сес көрсетуде.

 

АҚШ сарапшылары Солтүстік Кореяның түбекте соғыс бастауға ниетті екеніне күмән келтірмейді. Украина соғысына байланысты Ресей Тегеран мен Пхеньянға тәуелді бола бастады. Пхеньян Ресейге снаряд пен зымыран беруде. Әскери сарапшылар Ким Чен Ын зымырандарын соғыс жағдайында сынап көруде дейді. Ресей Солтүстік Кореяға қарымта ретінде азық-түліктен бөлек әскери технология, соның ішінде ғарыштық бақылау жүйелері мен әуе қорғаныс жүйелерін табыстағаны жайлы ақпарат бар. Бұл Солтүстік Кореяның әскери әлеуетін арттыра түспек.

 

АҚШ БАҚ-тары Солтүстік Кореяның соңғы уақытта жасанды интеллектіні әскери салаға енгізіп жатқанын, ол үшін қытайлық мамандардың көмегіне жүгінгенін жазуда.

 

АҚШ тарапы Солтүстік Корея Оңтүстікке соғыс ашса Сеулге көмекке келетінін және Ким режимін төңкеріп тастайтынын бірнеше мәрте ескерткен болатын.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар