Соломин: «Қазақ жоқ», - деп көкиді. Ал сенатор Ершовтың сөзі неге бұлдыр?

Ресейлік тарихшы Михаил Смолин «Вездений» ток-шоуында «1917 жылғы революцияға дейін қазақ пен өзбек ұлты болмаған» деп мәлімдеме жасады.

1706180359106221.jpg

Оның келтірген дәлелі манадай: «Қазақстан РСФСР құрамында Қазақ ССР-і атымен пайда болды.  Оған дейін қазақ деген ұлт болмаған... Сол сияқты, өзбек, әзербайжан деген ұлттар да революцияға дейін болмаған. Өзбек деген этникалық атау болмаған. Ресей империясы жерді түрлі этникалық топтарға бөліп берген», - деді «тарихшы».

Жуырда ғана тележүргізуші Тина Канделакидің Қазақстанға қарсы қоқан‑лоқысына жауап беріп, енді тынышталғанда – Соломин деген біреу «бөрік астынан» тағы жылт ете қалды...

1706179996850634.jpg

Бұл жолы оған Сыртқы істер министрі тарапынан жауап болмады. Тек орынбасары Назира Нұрбаева ғана: «Михаил Смолиннің сөзін елемеу керек», - деп сабырға шақырды. Мүмкін, қазіргі саяси конъюктура тұрғысынан бұл дұрыс болар: Біз санасы «орыс әлемімен» уланған, Ресейдің басқыншылық соғысын қос қолдап қолдап отырған кез келген ресейліктің сандырағына жауап беруге міндетті емеспіз ғой.

ӨЗБЕКТЕР ОРЫС ТАРИХШЫСЫНА ЖАУАП БЕРДІ

Иә, бұған Өзбекстан тарапы дер кезінде жауап беріп үлгерді. Неге десеңіз, Өзбекстан мұндай «ресейлік агрессиямен» алғаш рет бетпе‑бет келіп отырғандықтан, ол өзбек халқының қатты ашуын тудырды. Соған сай билігі де жауап қатты. Оның үстіне, Өзбекстан бізге қарағанда Ресейден әлдеқайда саяси алшақ орналасқан. Олар ОКДБ, ЕАЭО деген ұйымдарға мүше де емес. Олай болса, Өзбекстанға ресми түрде нота жолдауына да жол ашық.

Ал, Қазақстан осыған дейін үнемі де мұндай шабуылға ұшырап келеді. Оған бірде қатты, бірде жұмсақ түрде жауап берумен келеміз. Міне, енді Ресейдегі кезекті Президент сайлауы қарсаңында ресейлік үгіт‑насихат тағы да Қазақстан тәуелсіздігіне қатысты сұрақты өзінің саяси оиынына айналдырып отыр. Егер, Ресейдің болашақ президенті өз ұпайын осылай түгендеймін, беделімді осылай арттырамын десе – бұл оның өрескел қателігі.

Неге десеңіз, қазір Ресей өзінің агрессиялық соғыс бастауымен «қандас бауыры» Украинаны мәңгілікке жоғалтты деуге болады. Ендеше, ресейлік «кәндендердің» осылай шәуілдеуі – стратегиялық тұрғыда Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан елдерімен шынайы достық қатынасты жоғалтуының бастауы деп бағалауға болады.

Қазіргі «соғыс идеологиясымен» бастары айналған ресейлік идеологтар, жақын болашақта Ресей өз ішіндегі «жойқын экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, демографиялық, инфрақұрылымдық, шегаралық және территориялық, этносаралық қатынастар және т.т.  қауіпсіздік мәселелеріне қатысты проблемаларға тап болатынын ескермей отырған сыңайлы.  Ол енді жақын болашақтың әңгімесі...

1706180189790467.jpeg

(Сурет: inform.kz сайтынан алынды)

ЕРШОВТЫҢ СӨЗІ НЕГЕ БҰЛДЫР?

Бұрын еліміздегі этникалық орыстар Ресей тарапынан жер дауы т.с.с. мәселелерге қатысты жақ ашпайтын. Енді жағдай өзгере бастады. Бірақ біздің билікке жақын орыстар осы мәселеде «арбада сынбасын, өгізде өлмесін» деген ұстанымға көшкенін сенатор Сергей Ершовтың Ресейдегі сарапшысымақ Смолиннің сөзіне берген жауабынан аңғардық.

«Менің ойымша, бұл біздің арамыздағы қарым-қатынасты бұзып жіберу үшін жасалуда. Тағы да: анау жаман, мынау жаман, ал біз жақсымыз. Біз қазақстандықпыз, не істейміз? Біздің тарихымыз бай, «Ұлы Отан соғысында» бірге соғыстық, 600 мың адам қаза тапты, және әрбір төртінші қазақстандық соғысқа қатысты», - деді Ершов Сенат қабырғасында.

«Мен айтқан сөздерді білмеймін, мен Ресейдің және басқа да мемлекеттік тұлғалардың құжаттарын білемін. Мен ресми түрде солай екенін білемін. Мен ресми адамдармен көп сөйлестім. Мен сіздердің неге осындай сұрақтар қоятындарыңызды түсінемін, мен де Ресейде осындай сұрақтар қойдым. «Бізде», «ақымақтар бар» дейтін, енді не істеу керек? Әркімнің басын соқпайды ғой. Ал жағдай қалыпты, Ресей біздің тарихымызды жақсы біледі. Және онда қазақтар мүлдем қалыпты өмір сүреді, және біз мұнда орыстар мүлдем қалыпты өмір сүреміз.

Көп нәрсе өзгерді, бірақ ресми тарих бар. Бізді, айталық, Кеңес одағында - бір тарих болды, қазір - басқа тарих, ал тарих осы жерлерге өте бай. Бұл жерде түріктер болды - олар бар, сонда біреулер бірдеңе айтады. Және Ресей тарапынан емес, біз сіздермен былай дейік: олар жалған адамдар, былайша айтқанда, немесе қазір осылай дейді. Міне, өзіңнің жүзіңді көрсету, қандай да бір сандырақ айту, бізде де сондай адамдар бар».

Сенатор Сергей Ершовтың сөзі бұлдыр және орыс тілінің стильдік ерекшелігін сақтамай бұлдыратып, әр нәрсенің басын бір шалады. Қызыл отарлық кезіндегі тарихты – ортақ һәм бір тарих деп көкиді. Және кейбір сандырақ айту, бізде де сондай адамдар бар» дегенінің астарында жаңа қазақ тарихын жазғандарды өзінше мұқатқаны байқалады. Тап осы Сенаторға деколонизация туралы заң жобасын әзірле десе, не сылтау айтар екен, ә?!

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар