ЕО: ОА - Ресейдің вассалы, Қытайдың көлеңкесі емес, біздің серіктесіміз!

ЕО - Орталық Азиядағы жаңа күш екенін Транскаспий дәлізін дамытуға 11 млрд доллар инвестициялайтын мәлімдеумен танытты. Енді осылар жайлы сөз ететін болсақ...

1706608931540846.jpg

29 қаңтарда Брюссельде ЕО мен Орталық Азия арасындағы көлік қатынасы бойынша «Global Gateway» инвесторлар форумы ашылды. ЕО вице-президенті Домбровскис форумға қатысатын еуропалық және халықаралық қаржы институттары Транскаспий халықаралық дәлізін дамытуға €10 млрд ($10,8 млрд) бөлуге міндеттенетінін мәлімдеді.

Алдағы 2 күн ішінде форумға қатысушылар жоғарыда аталған дәлізді заманауи, мультимодальді және тиімді бағытқа айналдыру үшін қажетті инвестицияларды талқылайды (Еурокомиссия сайты).

«Транскаспий халықаралық көлік дәлізі» («Орта дәліз») - Қытай-Қазақстан шекарасынан Қазақстан, Каспий теңізі, Әзербайжан және Грузия арқылы Еуропаға өтеді.

Ресей-Украина соғысына байланысты РФ мен ЕО арасында түрлі салаларда, әсіресе, энергетикада елеулі дағдарыстар туындады. ЕО осыны соны мүмкіндікке айналдыруға ұмтыла отырып, РФ-ның дәстүрлі ықпал ету салаларының бірі саналатын Орталық Азия елдерімен өз қарым-қатынастарын нығайту жөнінде бірқатар бастамалар қабылдады.

ОА-ДАҒЫ КӨПВЕКТОРЛЫЛЫҚ: РЕСЕЙГЕ ҚОШ АЙТЫП, ЕО-ҒА БЕТ БҰРУ 

Орталық Азия елдері өздерінің теңдестірілген көп векторлы сыртқы саясаты шеңберінде ЕО-мен қарым-қатынасты дамытуда. Бұл жақындасуда ЕО-ның энергетикалық мақсаттары өңір мемлекеттерінің инвестициялық күтулерімен салыстырғанда айқындаушы болып табылады. Сондықтан өзара тиімділікке негізделген ынтымақтастық процесі туралы айтуға болады (ANKASAM дағдарыстық жағдайлар мен саясатты зерттеу Анкара орталығы).

Батыстағы белді басылым «The Diplomat» өзінің «Батыс Орталық Азиямен қарым-қатынасты нығайтуда» атты бас мақаласын осы мәселеге арнады.

«Соңғы жылы Орталық Азияда қызықты оқиғалар болды. Батыс елдерінің өкілдері Орталық Азияның барлық бес елінде болды немесе өңір елдерінің делегацияларын қабылдады. Бұл оқиғалар өңірдегі күштердің стратегиялық теңгерімінің өзгеруі аясында болып жатыр», - деп жазады аналитикалық басылым.

Аталып өткендей, РФ экономикалық және энергетикалық құралдарды пайдалана отырып, Орталық Азияда үлкен ықпалын сақтап қалды. Алайда Украинадағы соғыстан кейін бұл ықпал әлсірей бастады, Ресей экономикасына зиян келтірілді және ол «жеңілмейтін супердержава» мәртебесінен айырылды. Нәтижесінде Орталық Азия елдері біртіндеп Ресейден алыстап, басқа елдермен жаңа серіктестік қарым-қатынас орнатуды жөн көрді.

Басылым ең айқын кандидат Қытай екенін, бірақ ол босаған орынды иеленуге асықпайтынын, оның ішінде өңірдегі қытайлықтарға күмәнданатынын атап көрсетеді.

Осы күтпеген оқиғалар аясында батыс елдері Орталық Азиямен ынтымақтастығын кеңейтуде. Бұл жерге АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция және жалпы ЕО ағылды. Екі тарап та қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі сияқты. Бұл перспективалы белгілер, бірақ бұл диалогтың қалай іске асырылатыны әзірге белгісіз.

Бұрын ЕО ОА-ҒА тек РФ вассалдары және ҚХР мүдделі аймағы деп танып, Қытай мен орысқа алма-кезек жалтақтап келсе, енді міне, нақты іске көшті.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар