Z пропаганда «Орыс тілділер қалай «басқыншылар немесе ақымақтар» болады?», «Өзбекстандық ректор орыс азаматтарын қорлады» деп ойбайға басты.
Бұл Ресей билігіне де ұнамады. Өткен ғасырдың 30-шы жылдарында Испаниядағы азаматтық соғыс кезінде франкистер «ішкі қарсылас» ұғымының синонимі ретінде пайдаланған «бесінші колонна» термині әдетте түрлі топтағы насихатшылардың қолындағы басты көзірге айналды.
Ал Путиндік Ресей Орталық Азиядағы орыс тілділерді осы мақсатта өз мүддесіне кеңінен пайдалануда. Өйткені «бесінші колонна» жайында ОА билігі үндемей қалғанымен зиялы қауым өз ойын ашық білдіріп келеді.
Өзбек зиялылары темірді қызған кезінде соғып, Ресей саяси элитасының һәм оны жақтаушылардың жынына тигені керемет оқыс оқиға болды. Кремль ОА-дан бұны күткен жоқ.
Ресей Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан Республикасының Журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің ректоры Шерзод Құдратқожаевтың өзбек тілін білмейтін ел тұрғындары туралы мәлімдемесіне байланысты Өзбекстан елшісі Бортижон Асадовты шақыртты. Наразық білдірді. Не себепті?
Жақында Құдратқожаевтың сұхбаты жарық көрді. Онда ол Өзбекстанда тұрып жатқан, бірақ өзбек тілін білмейтін адамдарды «ақымақ немесе басқыншы» деп атады. Сұхбаттың өзі орыс тілінде жазылған.
ӨЗБЕК РЕКТОРЫ: ӨЗБЕКСТАНДА ТҰРЫП, ӨЗБЕКШЕ СӨЙЛЕМЕЙТІН ОРЫСТАР – ОККУПАНТТАР!
Құдратқожаев Өзбекстанға келген ресейліктер туралы не деді? Құдратходжаев сұхбатында 1966 жылы Кеңес Одағының бір бөлігі болған Өзбекстанға Ресей, Беларусь және Украинадан көптеген тұтқындар келгенін айтты. Олар жер сілкінісінен кейін Ташкентті қалпына келтіруге көмектесуі тиіс еді. Ректордың айтуынша, көптеген жұмысшылар Өзбекстанда қалды, бірақ олар ұлттық тілді үйренген жоқ.
«Олар 40-60 жыл ішінде біздің тілді меңгерген жоқ. Карл Маркс айтқандай, өзі өмір сүретін елдің тілін екі адам білмейді. Біріншісі - басқыншы. Бәлкім, көптеген адамдардың санасында олар оккупанттар шығар. Екіншісі - ақымақ, яғни ойлай алмайтын немесе оқи алмайтын адам», - деді Шерзод Құдратқожаев.
Киевте Кремль жақтастарын «бесінші бағана» деп атайды. Ал Ресейде «бесінші колоннаға» ел басшылығының Украинаға қатысты агрессивті әрекеттерін мақұлдамайтындардың барлығы, сондай-ақ, жалпы алғанда либералдық-демократияның батыстағы вариациясындағы барлық жақтаушылар жатады.
Құдратқожаев Өзбекстанда ұзақ уақыт тұрып, өзбек тілін үйренгісі келмейтіндерге «жоғарыда аталған екі санаттың қайсысына сай келетінін өздері шешуді» ұсынды.
РЕСЕЙДІҢ БҰЛҚАН-ТАЛҚАН ЖАУАБЫ
Ресей СІМ-і Өзбекстан елшісіне Құдратқожаевтың сөзіне қатысты наразылық білдірді.
«Ш.Құдратқожаевтың пікірімен достас және одақтас Өзбекстан халқының басым көпшілігі келіспейді деген сенім білдірілді. Біз ешбір жағдайда аталған қайраткердің мәлімдемесін республиканың көпұлтты халқының көңіл-күйімен теңестірмейміз», - делінген РФ СІМ мәлімдемесінде.
Ресей Сыртқы істер министрлігі 1966 жылы Ташкентте болған оқиғаларды да еске алыпты. СІМ Өзбекстанға одақтас республикалар халықтарының көрсеткен көмегін «біздің мызғымас достығымыздың тірі айғағы» деп атаған. Осыған байланысты ресейлік тарап «Сияй, Ташкент» әнін еске алды.
«Біздің жүрегімізде әрдайым «Ялла» дейтін өзбек ансамблінің «Сияй, Ташкент» деген керемет әні шырқалады, онда «сол қиын-қыстау жылдары Өзбекстанның астанасымен бүкіл Ресей мен менің барлық республикаларым қатар болды» деген сөздер бар», - делінген Ресей мәлімдемесінде.
Бұдан әрі материалда Өзбекстанның жетістіктері атап өтіледі.
«Жоғарыда аталған автор негізсіз талқылауға тырысып отырған «оккупация» кезінде аталған жетістіктерге қол жеткізе алмағаны анық. Ал Батыстың «қамқорлықтағы» аумақтарды нақты отарлап басып алуы неге алып келетінін біз Азияның, Африканың және Латын Америкасының, Ирактың, Сирия мен Украинаның көптеген елдерінің қайғылы мысалдарынан жақсы көріп отырмыз», - делінген СІМ хабарламасында.
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ «ТРОЯН АТТАРЫ»
ОА елдері үшін республикалар ішіндегі «троян аттары» - Путин мен Совет одағының экспансионистік әрекеттеріне сүйсінетіндер болып табылады. Кейбір ресейлік маргиналды саясаткерлердің арандатушылық мәлімдемелерінен бастап, әлеуметтік желілерде ОА-ға қатысты айқын сепаратистік шағымдары бар кейбір топтардың пайда болуына дейін, осы күдік отына көмір тасталды.
Соңғы жылдары Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанға қарсы Ресей тарапынан арандатушылық сипаттағы ақпараттық шабуылдар саны бойынша рекорд орнатып келеді.
Сондықтан кейбіреулердің жадында «үш С принципі» пайда болуы таң қаларлық жағдай емес. «Бір жағдай - жай ғана жағдай. Осыған ұқсас екі жағдай - сәйкестік. Үшіншісі – жүйе». Неоимпералистік Ресей ОА-ға қарсы әрекеттерін жүйеге айналдырды. Енді оған қарсы шыққандарды ағаш атқа мінгізбекші. Осының алғашқы қарлығашы - Өзбекстан Ұлттық БАҚ қауымдастығының төрағасы Шерзод Құдратқожаев болып отыр.
Mezgil.kz