Күтпеген соққы: Қытай Ресейлік газдан бас тартты!

Владимир Путин Қытайды «Сібір күші - 2» жаңа құбыр желісін салуға көндіріп жатқанда, қытайлық газ импорттаушылар ресейлік компаниялармен ынтымақтастық тәуекелдерін бағалап, Катардағы сатып алуларды арттыруда.

1708604556390608.jpg

Осылайша, Мәскеудің 2030 жылға қарай әлемдік СТГ (сұйытылған табиғи газ) нарығының бесінші бөлігін қазіргі уақыттағы 8%-дық үлеспен иеленуге үміті бар.

Қытайдың «CNPC» және «CNOOC» мемлекеттік мұнай компаниялары осыдан екі ай бұрын АҚШ үкіметіне қайрылып, ресейлік сұйытылған табиғи газды экспорттайтын жаңа зауытты Ресейге қарсы санкциялар пакетінен алып тастау туралы өтініш жасаған. Бірақ АҚШ одан бас тартты.

Келесі соққы АҚШ-тың СТГ тасымалдайтын ресейлік кемелерге санкция енгізу туралы шешімі болды. Ақырында не қалды? Санкцияларға байланысты «Новатэк» компаниясының зауытында қуаты аз жабдық орнатылған.

Сонымен Қытайдың ойлануына екі маңызды себеп туды:

Біріншісі - өнімнің мәлімделген көлемі шығарылмайды. Онсыз да жетіспейтін флот мәселесі бар. Себебі Мәскеу көбінесе Оңтүстік Кореядағы кемелерге тапсырыс берген. Ал олар санкцияға ілінген.

Екіншісі - СТГ қажетті көлемді өндірген болса да, оларды тасымалдаудың ешбір жолы жоқ.

Қазір Ресей үшін қайда барсаңда Қорқыттың көрі деген осы. Қытай мұндай жағдайда өзі үшін ең аз проблемалық шешім қабылдаған. Сондықтан да Қытай сенімді және дәлелденген өндіруші – Катармен ұзақ мерзімді, кем дегенде 20 жылға келісімшарт жасасуға шешім қабылдаған.

Оның үстіне, Ресейдегі СТГ саласының даму динамикасына қарасақ, ол  шығынды нәрсеге айналып кетпейтініне ешқандай кепілдік жоқ. Яғни, болашағы бұлдыр. Осылайша, Қытай үшін Доха Мәскеуден артық болып шықты.

СТГ нарығы қазір серпінді дамып келеді және «джунгли заңына» сәйкес дамып келеді. Онда ұрыс тіпті, пайыздық үстеме үшін емес - әлемдік нарықтың оннан бір пайызы үшін жүреді. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ресейлік газ саласының өндіруші экспорттық компания ретінде құлдырауы орын алғандай. Кезекті гига-құбыр жүйелерін салу сияқты бұл модельді жандандыруға кез келген әрекеттер оның қанын тазартып, сөзсіз банкроттықты жақындатады.

Шын мәнінде, бұл Путин өзінің Мюнхендегі сөзімен әлемге жариялаған «газ соғысының» нәтижесі. Ал «Сібір күші - 2» сөнуге таяу. Қытайлық газ импорты құрылымында СТГ қазірдің өзінде басым, бұл ретте катарлық СТГ жалпы қабылдауды кем дегенде екі есеге ұлғайтуға қабілетті регазификациялық терминалдардың қосымша қуаттары салынуда.

Қарапайым сөзбен айтқанда, ресейлік газшылардың Еуропадағы шығындарын өтеуге деген ниеті түсінікті, бірақ қытайлықтар бұл оқиғаға немқұрайлы қарайды. Бұл олардың проблемалары емес. Ал Ресей өзінің СТГ-мен әлемдік нарықта бармақ тістеп қалды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар