Әзербайжан қазақ мұнайын Ресейге тәуелділіктен құтқара ма?

Ильхам Әлиев: «Қазақстан мен Әзербайжан - екі бауырлас мемлекет», - деп сөйледі президент Тоқаевпен кездесуінде.

1710236367251085.jpg

«Екі елдің халқы ғасырлар бойғы қоғамдық-саяси формацияға қарамастан бейбітшілік, бауырластық пен ынтымақтастықта өмір сүріп келеді», - деді Әлиев Бакуде өткен Әзербайжан мен Қазақстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысында.

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАН - ЕКІ БАУЫРЛАС МЕМЛЕКЕТ

«Екі тәуелсіз мемлекет ретінде біз 30 жылдан астам уақыт бойы халықаралық құрылымдарда да, екіжақты форматта да белсенді өзара іс-қимыл жасап келеміз. Бірақ соңғы кездері біздің өзара сапарларымыздың белсенділігі қарым-қатынастарға жаңа серпін берілгенін көрсетеді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

1710235996356621.jpg

(Сурет Ақорда телеграм арнасынан алынды)

Онан соң: «Мен Қазақстан Президентіне Қарабақты қалпына келтіру ісіндегі бауырластық көмегі үшін алғыс білдірдім. Физули қаласындағы Құрманғазы атындағы балалар шығармашылық орталығы қазақ халқының әзербайжан халқына сыйы және президент Тоқаевтың бастамасы болып табылады. Ол біздің достығымыздың орталығы болады», - деп мәлімдеді Ильхам Әлиев.

Көлік-логистика, энергетика, цифрландыру және гуманитарлық өзара іс-қимыл салаларындағы ынтымақтастық мәселелеріне тоқталған әзербайжан көшбасшысы барлық бағыттар бойынша жұмыс табысты жүріп жатқанын атап өтті.

1710236040151681.jpg

(Сурет Ақорда телеграм арнасынан алынды)

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗЕРБАЙЖАН ҚАНДАЙ КЕЛІСІМ ЖАСАСТЫ?

Қазақстан мен Әзербайжан бірсыпыра стратегиялық құжаттарға қол қойды. Сонымен, ол қандай құжаттар? Қараңыз:

1.«Әзербайжан мен Қазақстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 1-ші отырысының шешіміне» қол қойды. Қол қоюшылар: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев.

2. ҚР «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен ӘР Шағын және орта бизнесті дамыту агенттігі (KOBIA) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум қол қойды. Қол қоюшылар: KOBIA төрағасы Орхан Мамедов «Даму» төрағасы Гаухар Бөрібаева.

3. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ мен ӘР Медианы дамыту агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қол қоюшылар: Ахмед Исмаилов (Әзербайжан) пен Асқар Омаров (Қазақстан).

4. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен ӘР Мемлекеттік мұнай компаниясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға, Қазақстандық мұнайды сатып алу-сату саласындағы екіжақты келісімге, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Әзербайжан аумағы арқылы транзиттелетін қазақстандық мұнай көлемін кезең-кезеңмен ұлғайту туралы келісімге қол қойылды.  Қол қоюшылар: Екі тараптан төрағалар - Ровшан Наджаф (Әзербайжан) пен Мағзұм Мырзағалиев (Қазақстан).

5. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Әзербайжан инвестициялық холдингі арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды. Қол қоюшылар: Төрағалар - Нұрлан Жақыпов (Қазақстан) пен Руслан Әлиханов (Әзербайжан).

6. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ӘР Мәдениет, жастар және спорт министрлігі арасындағы 2024-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Қол қоюшылар: Министрлер – Аида Балаева (Қазақстан) мен Әділ Керімли (Әзербайжан).

7. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ӘР Цифрлық даму және көлік министрлігі арасындағы ғарышты бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Қол қоюшылар: Министрлер – Бағдат Мусин (Қазақстан) мен Рашад Нәбиев (Әзербайжан).

8. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ӘР Ғылым және білім министрлігі арасындағы Білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды. Қол қоюшылар: Министрлер – Саясат Нұрбек (Қазақстан) пен Эмин Амруллаев (Әзербайжан).

1710236096506319.png

ТРАНСКАСПИЙ БАҒЫТЫ – ҚАЗАҚ ПЕН ӘЗЕРБАЙЖАНДЫ ЖАҚЫНДАСТЫРА ТҮСЕДІ

Әзербайжанға ресми сапары қарсаңында Әзербайжандық БАҚ-қа сұхбат берген президент Тоқаев: «Транскаспий бағыты Шығыс пен Батыс арасындағы байланыстырушы көпір ретінде Әзербайжан мен Қазақстанның ұстанымын күшейтеді», - деп мәлімдеген еді.

«Қазіргі қазақ-әзербайжан қарым-қатынасы өрлеуде. Саяси, сауда-экономикалық, транзиттік-көліктік, энергетикалық, ауыл шаруашылығы, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы байланыстарды арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде», - деген болатын Тоқаев.

1710236143406622.png

БАКУ-ТБИЛИСИ-ЖЕЙХАН ҚҰБЫРЫ: ҚАЗАҚСТАН ТҮРКИЯҒА ЖОЛ САЛА АЛА МА?

Президент Тоқаев «портфельде» екі ел үшін ғана емес, жалпы өңір үшін маңызды бірқатар жобалар бар екенін айтты.

«Бұл Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) өткізу қабілетін кеңейту, Каспий теңізінің түбі бойынша талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) мен энергетикалық кабель тарту, Әзірбайжан арқылы мұнай мен уран экспорты, Қазақстаннан Әзірбайжан нарығына бидай жеткізу», - деді Тоқаев.

ШЫҒЫС ПЕН БАТЫСТЫ БАЙЛАНЫСТЫРАТЫН ТРАНСКАСПИЙ БАҒЫТЫ

Тоқаев қазіргі кезеңде трансконтиненттік сауданы ілгерілетуде және дамытуда ТХКБ-ның немесе «Орта дәліз» деп аталатын дәліздің рөлі қарқынды өскенін атап өтті.

«2022 жылы бұл бағыт бойынша жүк тасымалдау көлемі 2 есеге, 1,7 млн тоннаға дейін, ал 2023 жылы тағы 65%-ға, 2,7 млн тоннаға дейін ұлғайды», - деп толықтырды Қазақстан Президенті.

«Орта дәлізді» одан әрі дамыту және оның басқа көлік дәліздерімен түйісуі перспективалы іс. Бұл Оңтүстік Кавказ бен Түркияның Қазақстанмен, Орталық Азия елдерімен, ЕАЭО және Қытаймен неғұрлым ауқымды трансөңірлік интеграциясы үшін қосымша жағдайларды қамтамасыз етеді», - деп түсіндірді Қазақстан басшысы.

1710236205571757.jpeg

(Сурет ea-monitor.kz сайтынан алынды)

КАСПИЙДЕ ДЕ ПРОБЛЕМАЛАР АЗ ЕМЕС...

Президент Тоқаев өз тапсырмасы бойынша Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын зерттеумен айналысатын ғылыми институт құрылғанын хабарлады.

«Осыған байланысты біздің ғалымдардың теңіз деңгейін төмендету, Каспий итбалығы мен ихтиофаунаның популяциясын сақтау, сондай-ақ Каспий жағалауы мен акваториясын сауықтыру сияқты салаларда зерттеулер жүргізудегі күш-жігерін біріктіру перспективалы болып көрінеді», - деп ұсынды ол.

ӘЗЕРБАЙЖАН «ОРТА ДӘЛІЗДІҢ» ЛОКОМОТИВІНЕ АЙНАЛДЫ

Президенттер – Ильхам Әлиев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қытай-Қазақстан-Әзербайжан бағыты бойынша «Орта дәліз» арқылы жөнелтілген контейнерлік пойыздың Әзербайжанға келуіне байланысты шараға қатысты.

Бұл контейнерлік пойызды Қытайдың Сиань қаласындағы Қазақстанға тиесілі көлік-логистикалық орталықтан жөнелту «Орта дәліздің» барлық қатысушылары үшін үлкен мәнге ие.

7 мың шақырым бағытты (Сиань - Ақтау қазақстандық терминалы - «Апшерон» станциясы) 61 контейнерден тұратын поезд 11 күнде жүріп өтті. Мультимодальдық тасымалдау барысында контейнерлер Қазақстандағы портта қайта тиелді және Каспий теңізі арқылы Баку халықаралық теңіз сауда портына, ал одан «Апшерон» станциясына жеткізілді.

Айта кетейік, Орта дәлізді дамыту және жаңа жүктерді тарту тұрғысынан Қытайда өз жұмысын бастаған қазақстандық көлік-логистикалық орталық бағыт бойынша жүк тасымалдау көлемін едәуір ұлғайтуға қабілетті. Алдын ала келісімге сәйкес, осы орталық арқылы Әзербайжанға ай сайын 10 контейнерлік пойыз жөнелтіледі.

Егер бұрын Қытайдан Қара теңіз порттарына дейін жүктерді жеткізу 53 күнге жуық уақытқа созылса, қазір жеткізу мерзімі 18 күнге дейін қысқартылды.

Бұл бағыттың айналып келгенде екі бауырлас елге берері көп. Енді тек Ресейдің қабағына қарамай жаңа бағытты жандандыру қалды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар