Соғыс әмиянына соққы: Өртенген МӨЗ-дер, жанған терминалдар

 

Украина әскері Ресей аумағындағы МӨЗ-дерді (мұнай өңдеу зауыттары) шабуылдауды жалғастыруда. Ол үшін Украина алыс қашықтыққа ұшатын дрондарды қолдануда.


Внеплановые остановки НПЗ не сказались на экспорте бензина по морю — РБК

 

Сарапшылар Киевтің жаңа әскери тактикасы маңызды екенін айтуда. Украина Ресейдің соғыстағы басты қаржыландырушы әмияны саналатын мұнай-газ саласына соққы жасап, экономикасының жанды жерін дөп басуда дейді олар. Киев МӨЗ-дерді атқылау арқылы майдан даласындағы Әуе қорғаныс жүйесінің бірқатарын Ресей экономикалық маңызы бар нысандарды қорғауға жылжытады деген ойда. Бұл майдан даласындағы әскери нысандардың кейбірінің қорғансыз қалуына әкелер еді.

 

2024 жылдың алғашқы екі айында Украина шабуылдары Ресейдің мұнай экспортын азайта білді. Ал наурызда шабуылдар үдей түсті және Киев аптасына бірнеше МӨЗ-ді істен шығаратын әлеуетке ие болды. Сонымен шабуылдар хронологиясы келесідей:

 

9 қаңтарда Украина Орел қаласындағы МӨЗ-ге шабуыл жасады. 19 қаңтарда Брянск облысындағы МӨЗ-ге дрондар соғылды және дәл сол күні Ярославтағы «Славнефть-ЯНОС» МӨЗ-інде жойқын жарылыс болды. Бұл жылына 15 миллион тонна мұнайды өңдеуге қабілетті зауыт болатын. 21 қаңтарда Ленинград аймағындағы «Новатек – Усть-Луга» кешеніне соққы жасалды. Кешен жылына 7 млн тонна газ өңдеуге қабілетті еді. 24 қаңтарда Туапсадағы мұнай өңдеу зауыты мен теңіз терминалында жарылыс болып, Ресей мұнай тасушы танкерлерін теңізге шығаруға мәжбүр болды. 3 ақпанда Волгоградтағы МӨЗ-ге дрондар шабуылы жасалды, ал 5 ақпанда Ярославтағы  «Славнефть-ЯНОС» МӨЗ-іне қайта шабуыл жасалып, зауыт белгісіз уақытқа жөндеуге жіберілді. 3 наурызда Феодосиядағы теңіз мұнай терминалында жарылыс болса, 4 наурызда Петербург мұнай терминалының күлі көкке ұшты. 12 наурызда Орелдағы жаңа МӨЗ-ге шабуыл жасалды, дәл сол күні Нижний Новгород маңындағығы жылына Ресей нарығындағы 5,8% мұнайды өңдейтін «Лукойл» МӨЗ-іне бірнеше дрон соғылды. 13 наурызда Рязаньдағы МӨЗ шабуыл астында қалды. 16 наурызда Украина Самара аймағындағы үш МӨЗ-ге шабуыл жасады. Шабуылда Новокуйбышев, Куйбышев және Сызрань МӨЗ-дері істен шықты. 17 наурыз күні Славянск-на-Кубани қаласындағы МӨЗ-ге төрт дрон соғылып, жарылыс болды.

 

Bloomberg басылымы Украинаның соңғы 10 күнде жасаған шабуылдары Ресейдің мұнай өңдеу қабілетінің бестен бір бөлігін азайтқанын айтады, яғни 20 пайызға жуық әлеуетіне әсер еткен.

 

Ресейде жалпы жиынтығы 31 үлкен МӨЗ және 76 мини-МӨЗ бар. Үлкен МӨЗ-дер жылына млндаған тонна мұнай өңдеуге қабілетті, ал кіші мөздер 100-500 мың тонна аралығындағы мұнайды өңдейді. Украина шабуылдарды тек ірі МӨЗ-дерге жасауда, себебі мини-МӨЗ-дердің Ресей экономикасы мен соғысқа әсері аса жоғары саналмайды. Алайда ендігі кезек мини-МӨЗ-дерге келіп жетті дейді кей әскери сарапшы. 

 

Қазіргі сәтте Украинаның шабуылдары Ресей экономикасына ғана емес, сонымен бірге Ресейден жанармай алатын өзге елдерге де әсер етуі ықтимал. Киевтің басты мақсаты Ресейдің экономикасына соққы жасау, егіс егу науқаны қарсаңындағы қоғамдық көңіл-күйге әсер ету, Ресей әскерінің майдан даласынан Әуе қорғаныс жүйелерін экономикалық маңызы бар аймаққа әкетуге итермелеу дейді сарапшылар. Украинаның соңғы шабуылдары Киевтің қолында алыс қашықтыққа жететін дрондардың бар екенін көрсетуде. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар