Ресейдің қаржы сарапшылары: Қазақстан қиындық туындатуда

Ресейлік қаржы сарапшылары Қазақстан банктері аударымдарды тым ұзақ өңдейтінін айтып, дабыл қағуда. Ресейлік компаниялар аударымдарға байланысты кедергілер артқанын жеткізді. Бұл туралы өз пікірін кіші және орта бизнесті қолдауға байланысты құрылып, 450 мыңнан астам ірі-ұсақ компанияның басын қосып отырған «Опора России» ұйымының вице-президенті болған Николай Дунаев айтты. Оның пікірін ресейлік «Известия» сайты жариялаған.


Санкции против «Тинькофф Банка», Росбанка и банка «ДОМ.РФ». Как они  отразятся на клиентах?

 

Дунаевтың пікірінше соғыс басталған сәттен кейін долларға қатысты қаржылық операциялар тым ұзақ өңделеді, алайда ақпан айының соңынан бастап ұлттық валютамен жасалған келісімдер де ұзақ өңделетін болған.

 

Оның сөзінше кредиттік ұйымдар мен банктер жанама санкцияларға ұшырамау үшін барынша сақ әрі жинақы әрекет етуге тырысуда. Сол себепті де барлық аударымды аса мұқият тексеріп шығады. Сарапшы кей банктер ресейлік компаниялармен мүлде жұмыс істемеуге тырысатынын айтқан, мысал ретінде ол Halyk Bank-ты айтыпты. Дәлел ретінде ол 27 ақпаннан бастап аталмыш банктың ресейлік «Мир» картасын қабылдаудан үзілді-кесілді бас тартқанын мәлімдеді.

 

«Ұлттық төлем кеңесінің» төрағасы Александр Линников төлемдерді өңдеу бойынша кедергілер мен қиындықтар қаңтар айында басталған дейді. Енді транзакциялар кемі екі-үш аптаны алады.

 

Ресейлік сарапшылар Қазақстан банктері ресейлік компаниялардың төлемдерін жіті тексеріп, күмәнді қызметке бағытталған қаржы болса кері қайтарып тастауды жиілеткен. «Первая Группа» АҚ-ның бас директоры Алексей Порошиннің ойынша ресейлік компаниялардың төлемдерін және аударымдарын тексеру Қазақстан тарапынан күшейе бермек.

 

2023 жылдың желтоқсанында АҚШ президенті Джо Байден АҚШ-тың Қаржы министрлігіне Ресейдің санкциядағы компанияларымен және тұлғаларымен жұмыс жасайтын кез келген шетелдік банктерге, қаржы институттарына жанама санкция салуға рұқсат ететін заңға қол қойды. Аталмыш заңнан кейін Қытай, Түркия, БАӘ банктері ресейлік компаниялардың төлемдерін өңдеуді қиындатты. Бірқатар Қытай банктері Ресеймен байланысын үзді, олардың ішінде Қытайдың ірі несие беруші ұйымы саналатын Ping An Bank пен Bank of Ningbo да бар. Түркия банктері де ресейлік компаниялармен жұмысын екі айда 35 пайызға азайтқан. Қырғызстан банктері «Мир» төлем жүйесімен жұмыс істеуден бас тартуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар