Тайуанға қару келеді: Си төраға соғыса ма?

АҚШ-тың Өкілдер палатасы Тайуан мен Үнді-Тынық мұхитындағы одақтастарын қолдау, қорғаныс саласын күшейтуге қатыстың заң жобасын мақұлдады. Заңды АҚШ Сенаты бекітсе, президент Байден қол қоймақ. Қабылданған заң осы аптада күшіне енуі ықтимал.


Тайвань подтвердил присутствие американских военных на острове | Украинская  правда

 

АҚШ-тағы заң жобасы бірден Қытай билігінің қарсылығына тап болды. Бейжің «Тайуанға қару сату - Қытайға қарсы агрессиялық әрекет» деп бағалайтынын айтты және бұл шараларға қатаң қарсылық танытуға уәде берді.

 

Вашингтон Тайуанды тәуелсіз мемлекет деп мойындамайтынын айтуда, алайда оның қорғаныс саласын күшейтуге құқығы бар екенін мәлімдеді. АҚШ Тайуанға бұған дейін де қару жеткізген болатын.

 

2023 жылдың маусымында АҚШ билігі Тайуанға 345 млн доллардың қаруын сатуға келісті. Бұл президент Байденнің тікелей бастамасымен іске асты. Аталмыш шешім бұған дейін «Тайуан қорғанысына 1 млрд доллар бөлу» туралы қабылданған шешімнің бір бөлігі саналады. АҚШ Тайуанға әуе қорғаныс жүйелерін, зымырандар мен барлау құрылғыларын жеткізетінін айтты. Келісім аясында Тайуанға MQ-9 Reaper дрондары да жеткізілетін болды.

 

Қытай билігі АҚШ-тың шешімдеріне байланысты Тайуан маңындағы әскери жаттығулар санын арттырды. Жаттығу барысында Тайуанға зымыран соққысын жасау, Тайуанды толық құрсауға алу, сырттан келетін көмек жолын бұғаттау, әуежайлары мен әскери базаларын нақты соққымен жою және Тайуанның үкіметтік ғимараттарын басып алуды пысықтады.

 

2024 жылдың 13-қаңтарында Тайуанда президенттік сайлау өтіп, толық тәуелсіздікті алуды қолдайтын кандидат Лай Циндэ жеңіске жетті. Ол Бейжіңнен толық тәуелсіздік алу керек деген позицияны ұстанып келеді. Сарапшылар Лай Циндэнің билікке келуі Тайуан мен Қытай арасындағы жағдайды күрделендіреді деген ойда, ал АҚШ-тың Өкілдер палатасы мақұлдаған заң жобасы отқа май құйғандай болады дейді олар.

 

Заң бойынша АҚШ Үнді-Тынық мұхит аймағындағы серіктестері мен Тайуанға 8,12 млрд доллар көмек көрсетпек. Қаржының тең жартысы, яғни 4 млрд доллары Тайуанның қорғанысын күшейтіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Оның ішінде Әуе қорғаныс жүйелерін жеткізу, танкке қарсы құрылғылар беру, заманауи радарлар табыстау, атыс қаруларын жөнелту және Тайуан әскерін дайындықтан өткізу шаралары іске асады.

 

АҚШ аймақтағы Қытайдың ықпалын азайту үшін Аустралия, Жапония және оңтүстік-шығыс Азиядағы өзге одақтастарының порттарын дамытуға, сүңгуір кемелерін модернизациялауға, әскерін жаттықтыруға да қаржы жұмсауда.

 

1979 жылы АҚШ Тайуанмен ресми дипломатиялық қарым-қатынасын үзді. Бұл Қытаймен қарым-қатынас орнату үшін жасалған іс-әрекет болатын. Алайда АҚШ билігі «Тайуанмен ерекше қатынас» заңын қабылдап, аралды қолдайтынын көрсетті. Осылайша Тайуанға жылдар бойы миллиондаған долларға қару-жарақ жеткізумен келеді.

 

Қытай мен АҚШ билігі «Тайуан мәселесі қалай шешілуі мүмкін» деген сұраққа бас қатыруда. Сарапшылар Бейжіңнің Ресей әскерінің Украина жеріндегі қателіктерінен сабақ алғанын айтуда және Тайуанға шабуыл жасаса, басқа тактиканы таңдауы мүмкін дейді. Вашингтон Тайуан қорғанысын күшейтіп, аралдың географиялық ерекшелігіне байланысты ұрыс жүргізу әдістерін үйретуде. Ал саясаттанушылар Қытай төрағасы Сидің Тайуанға қатысты нақты шешім қабылдап, сұрақты соғыспен реттеуге тырысатынына сенімді. АҚШ-тың Өкілдер палатасында қабылданған соңғы заңға байланысты Бейжіңде  күштік сценарийді қолдайтындар саны артқан. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар