Қазақ тілі үшін тарихи күн: Оксфорд қазақ тілін оқытады!

Биылғы жылы көктем айында «Астана» қонақ үйінің Конференцзалында ерекше кітаптың тұсаукесері өткен болатын. Онда жиналған ғылым‑білім өкілдері, мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым және белгілі меценаттар келген қонақтарға «Oxford Qazaq Dictionary: қазақша‑ағылшынша және ағылшынша‑қазақша сөздік» кітабын таныстырды. Бұл жобаның жетекшісі «Ұлттық аударма бюро» корпоративтік қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы мырза екен. Кітап А.Байтұрсұнұлы атындағы Тіл білімі институтында талқылаудан өткен. Бұл сөздік елімізде тұңғыш рет жарық көріп, оған 60 000‑ға жуық сөздер енген екен...

1714119097155879.jpg

(Коллаж суреттері: әлеуметтік желілерден алынды)

Бұл оқиға 24‑сәуір күні Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кемеронның Астанаға ресми сапармен келуімен байланысты, қазақ тілі үшін өте жағымды шешімдер қабылдануымен есімізге түсті. Себебі, Ұлыбритания өкілдері Қазақстанға тек қана экономикалық не өзге де саяси мақсаттан бөлек, ғылым‑мәдени жобаларды да ала келген екен. Осыған сай, Астанада Қазақстанда британдық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуды көздейтін мемерандумдарға қол қойылды.

Осы Мемерандум шеңберінде қазақ тілінің ғыылыми‑практикалық орталығы саналатын «Тіл‑Қазына» ғалымдарына қазақ тілінің өте жауапты миссионерлік жауапкершілігі жүктелетін болды. Оның алдыңғы шебінде оқу бағдарламаларын жазу, ағылшынтілді аудиторияға қазақ тілін оқыту, тіл лабораторияларын құру сияқты міндеттер тұр. Бұл іс‑шаралардың барлығы да бірлесіп атқарылатын болды. Соның ішінде ерекше атап өтілетін жоба ретінде Оксфорд университетінде «Қазақ тілін оқыту бағдарламасының» іске қосылуы туралы келісімді айтуға болады. Бұл жобаның өмірге келуіне, әрине, ҚР Ғылым және білім министрлігі мен Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Мағжан Ілиясовтың да қосқан үлестері мол екендігін айтпай кетпеуге болмайды. Ал, президент Қ.К.Тоқаевтың ролі – айтпаса да белгілі деп ойлаймыз...

2023 жылы Оксфорд университетінің Азия және Таяу шығыс орталығының жетекшісі Лейла Наджафзада А.Байтұрсұнқлы атындағы Тіл білімі институтына келіп, Оксфордттағы ғылыммен айналысатын студенттерді қазақстандық тіл білімі ғалымдары мен ұстаздары оқытуы керек екен деп тұжырымдап қайтқан болатын. Сол идея ақырындап жетіле келе, қазіргі қол қойылған мемерандумдарға жалғасты.  Идея енді нақты әрекетке бастайтын практикалық мазмұнмен толығып, екі елдің арасындағы достық қатынасты нығайтушы тетіктердің біріне айналды. Ол үшін Қазақстан тарапы Лейла ханымға да алғысн айтады деп сенеміз.

Бүгінде осы бағытта бірнеше келісімдерге қол қойылды. Оған қатысушы тараптар А.Байтұрсұнао атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл‑Қазына» ғылыми‑практикалық орталығы және University of Oxford болатын болды. Ендігі жерде біздің ғалымдар Оксфорд университетінде қазақ тілін оқытады, сонымен қатар, ол жерден өз біліктіліктерін көтереді және бірлескен ғылыми жобаларға қатысатын болды.

Бұл жоба Ұлыбританияға қатысты жаңадан жасалды. Ал, бұрындары ондай жоба Қазақстан‑Оңтүстік Корея арасында да жап‑жақсы жұмыс жасап келген болатын. Енді, қазақ тілі  Азиядан Еуропаның қиырына қарай қарай жол тартатын болды. Бұл еліміздің дамуындағы «қазақ мәдениеті» факторының әлемде салмағы арта түскенінің бірден бір белгісі!

Ұзағынан сүйіндірсін!

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар