Тығырықтағы жанталас: Мәскеудің 40 млрд долларлық жобасы

Ресей Еуропа нарығындағы сатып алушыларынан айырылған соң, Қытай және Азия нарығына бағыт алуда. Ол үшін Мәскеу шикізатты жеткізетін құбырлар мен теміржол желілерін салуға, модернизациялауға тырысуда.


Поезд 002 (43 фото) - красивые картинки и HD фото

 

Ресей өндірген шикізатын Азия нарығына жеткізуде теміржол желілерінің әлеуеті жетпейтінін айтуда. Мәселені шешу үшін Мәскеу мегажоба бастап, теміржол желілерінің санын арттыратынын мәлімдеді.

 

Ресей премьер министрі Михаил Мишустиннің баспасөз хатшылығы Қиыр Шығыстан Азияға бағыт алатын теміржол желілерін дамыту, модернизациялау және жаңа жолдар салу туралы құжатқа қол қойғанын хабарлады.  2035 жылға дейін аталмыш жобалар аяқталуы тиіс, ал жоба құны 40 млрд долларды құрамақ. Жобаның іске асуын Ресей президенті Владимир Путин өз бақылауына алған.

 

Алдағы 12 жылда құрылыс жұмыстары 24 теміржол желісінде жүргізілетін болады. Амур өзені бойынша алып көпір салу, үш тоннель құрылысы да осы жобаның ішіне кірмек. Нәтижесінде шығыс бағыт бойынша жүк тасымалдау жылына 180 млн тоннадан 270 млн тоннаға дейін жетпек.  

 

Сарапшылар «Ресейдің теміржол желісін дамытуға қыруар қаржы салуы - Мәскеудің санкциялық тығырықтан шығудағы жанталасы» деп атады. Ресей ұшақтарын қабылдамау, ал Ресей өнімдерін тасымалдайтын танкерлерді түрлі порттарда тәркілеу артқан сәтте, Мәскеу теміржолға үміт артуда. Ресейдің барлық экспортының үштен бірі соңғы екі жылда Қытай нарығына тиесілі. Ал Азия нарығына Ресей тауарының 70 пайызын тасымалдауда. Украина соғысы Ресейді нарықтарды өзгертуге мәжбүр етті.

 

Әзірге Ресей Қиыр Шығыстағы теміржолдар арқылы жыл сайын тек қана 170 млн тонна тауар таси алады. Ал аталмыш аймақтағы кәсіпорындар өндіретін өнім бұл көрсеткіштен үш есе көп. Соғысқа дейін оның басым бөлігі Еуропаға ағылса, ендігі таңда бұл өнімдер қоймаларда тұр, ал кәсіпкерлер қыруар шығынға батуда.

 

Кузбасстағы көмір өндірісі бойынша министр Олег Токарев 2023 жылы бір ғана көмір кеніші 200 пойыз көмірді жеткізе алмай, қаңтарылып теміржолдарда тұрып қалғанын айтты. Осылайша Мәскеу жылдам арада тауар жеткізу әлеуетін арттыруға тырысуда. Алайда теміржолдар модернизациясы тек 5 жылдан кейін ғана нәтижені оңалтуға мүмкіндік бермек.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар