Ядролық қоқан-лоқы: Басқыншы әскер сап түзеген парад һәм Украинаның дрондар шабуылы

Әлемнің көптеген елдері екінші жаһан соғысының аяқталғанын қыркүйекте, ал, нацизмді жеңу күнін 8 мамырда атап өтеді. Өйткені, күні 1945 жылы Германияның капитуляциясы жарияланды. 

1715335729717230.jpg

Ал КСРО-да жеңіс күні болып 9 мамыр бекітіліп, содан бастап Жеңіс күні демалыс күні болып, мемлекеттік мереке тізіміне енді.

1715335136640799.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz)

ЗЕЛЕНСКИЙ: ГИТЛЕР НАЦИЗМІ - «РЕСЕЙ ФАШИЗМІНЕ» АЙНАЛДЫ!

Украинада «Жеңіс күні» Ресей басқыншылығынан кейін 9 мамырдан 8 мамырға ауыстырылды. Ресей билігі өз кезегінде Украинаны «нацистік мемлекет» деп атауына қатысты Украина президенті Владимир Зеленский де қарап отырмай: «Гитлер нацизмі - «Ресей фашизміне» айналды», - деп мәлімдеген болатын.

Биыл 9 мамырда Кремль дәстүрінен жаңылмай, Қызыл алаңда ІІ Дүниежүзілік соғыстағы Алманияны тізе бүктірген жеңістің 79 жылдығын атап өтті. Әскери парад ұйымдастырды. Сарбаздарына сап түзетіп, әскери техникаларын алаңдап алып жүрді. Бұл шараға пост-кеңестік елдердің ішінен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары барып қатысты.

Парад басталар алдында Ресей президенті Владимир Путин Кремльде Александр Лукашенко (Беларусь), Қасым-Жомарт Тоқаев (Қазақстан), Садыр Жапаров (Қырғызстан), Эмомали Рахмон (Тәжікстан), Шавкат Мирзиёев (Өзбекстан), Сердар Бердімұхамедов (Түркіменстан), Мигель Диас-Канель Бермудес (Куба) Тхонглун Сисулит (Лаос) және Сисоку Эмбалоларды (Гвинея-Бисау) қабылдады.

1715335204935343.png

(Сурет: kremlin.ru)

ПУТИН ҚЫЗЫЛ АЛАҢДА ТҰРЫП, НЕ ДЕДІ?

2024 жылғы 9 мамырдағы әскери парад жаңа ресейлік милитаризмнің апогейіне айналады. Қардың астында Мәскеудің орталығында Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған айшықты киім киген сарбаздар жүріп жатыр. Украинада қырғын-сүргін жалғасуда, Ресей зымырандары бейбіт қалалардың ойранын шығаруда. Путин өзі Украинаға қарсы бастаған соғыс туралы сөз сөйледі.

Путин соғыс 1941 жылы басталғанын және КСРО үш жыл бойы нацистерге жалғыз қарсы тұрғанын айтты. Ол Молотов - Риббентроп пактісін, Сталин мен Гитлер арасындағы Польшаның варварлық бөлінуін, Балтық елдерінің оккупациясын және Финляндияға басып кіруін әлем ұмытты деп үміттенсе керек...

Тарихты бұрмалау, 1939-1941 жылдардағы оқиғалар һәм соғыстың ресми нұсқасын бұрмалау КСРО кезінде қалай жасалғанын біз осыған дейін «Сталиннің мойындауы: «lend-lease-сіз» КСРО жеңілер еді...» атты мақаламызда егжей-тегжейлі жазған едік.

1715335641187748.jpg

Бүгінгі Ресей басшылығы да, оның пәрменімен әрекет ететін бүгінгі Ресей тарихшылары да сол сүрлеумен жүріп, екінші жаһан соғысына қатысты тарихты барышша бұрмалауда. Бір айырмашылығы – енді бұл амал Сталинді ақтау үшін ғана емес, сондай-ақ, Путиннің Украинаға және өзге елдерге басқыншылығын ақтау үшін қолданылуда. Ал шынтуайтында, Ресейдің бүгінгі Украинаға қарсы соғысы – сол екінші дүниежүзілік соғыстың жалғасы іспетті. Екінші дүниежүзілік соғыс пен Украинаға қарсы қазіргі агрессия арасындағы мистикалық байланысты жоққа шығару – Путинге жау болу. Ресей қоғамының бүгінгі келбеті осы.

«Біздің стратегиялық күштеріміз әрқашан жауынгерлік әзірлік жағдайында тұр», - деді Путин алаңда тұрып. Сөйтіп, өзінің ядролық қақтығыс қатеріне тәуекел ететінін аңғартқандай болды.

УКРАИНАҒА ҚАТЫСТЫ ПУТИН НЕ ДЕДІ?

«Реваншизм және тарихты қорлау, нацизмді ақтау - Батыс элитасының ортақ саясатының бір бөлігі», - деді Қызыл алаңда тұрып.

Онан соң, Ресейдің жауынгерлік дайындығы туралы: «Ресей күрделі кезеңді бастан кешуде. Отанымыздың тағдыры мен оның болашағы әрқайсымызға байланысты», - деді. Ол ешкімге Ресейге қауіп төндіруге жол бермейтінін атап өтті. Оның айтуынша, Ресейдің стратегиялық күштері әрқашан жауынгерлік әзірлікте болады. Алайда жаһандық қақтығыстың алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек.

«Біз кез келген мемлекеттің немесе альянстың қақтығысқа деген талабын қабылдамаймыз. Ресей жаһандық қақтығыстың алдын алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын болады», - деп мәлімдеді Путин.

1715335315488206.jpg

ПУТИН БАСҚЫНШЫ ӘСКЕРГЕ БАС ИДІ

Әуелі, бұл жолғы парад кезінде Қызыл алаңнан Украинаға қарсы соғысқан сарбаздар сап түзеп өтті. Және Ресей пропагандалық машинасы осы сап түзеске ерекше екпін түсіре, дәріптеді. Ресей президенті Путин де өз сөзінде Украинаға қарсы соғысқа  қатысушыларға құрметін білдіріп, оларды қазіргі «Ресейдің батырлары» деп атады. Путин олардың алдында бас иетінін мәлімдеді.

«Біз сіздердің табандылықтарыңыз бен жанқиярлықтарыңызға тағзым етеміз. Бүкіл Ресей сіздермен бірге!» - депді Путин.

1715335526450374.jpg

(Сурет: AP сайты)

МӘСКЕУ КҮТПЕГЕН ҚАДАМ: УКРАИНАНЫҢ 9 МЫМЫРҒА СЫЙЛЫҒЫ

Ресей президенті Владимир Путин «неонацистер» деп ат қойып, айдар таққан, елі мен жерін қорғаған Украина әскері дәл осы күні (түні) Ресейдің төбесінен жай түсірді. Енді Украина дрондары қалай ойқастағаны туралы сөз етейік...

«9 мамырда 100-ге жуық украиналық дрон Мәскеуге шабуыл жасауға тырысты. Барлық шабуылдардың алдын алдық», - деп мәлімдеді авиация генерал-майоры, «Ресей офицерлері» төралқасының төрағасы Сергей Липовой.

Генерал-майор Липовый Украина алғаш рет ең жоғары радиусы 800 км-ге дейін жететін америкалық дрондарды қолданғанын айтты.

Дрон шабуылдары Ресейдің Белгород, Курскі, Воронеж бен Калуга және Мәскеу облыстарына жасалған. Бұл дрон шабуылдарының бірсыпырасы сәтті шыққан. Мысалы:

*Украина дрондары Краснодар өлкесінің Юровка ауылындағы мұнай базасына шабуыл жасады. Кәсіпорын аумағында өрт шықты.

* Сондай-ақ, Башқұртстандағы «Газпром нефтехим Салават» мұнай өңдеу зауытына Украина дроны дөп тиген. Салдарынан зауытқа айтарлықтай зақым тиген. Бұл шабуылдар Украинадан 1500 шақырым қашықтықты ұшып өтіп, тарихи рекорд орнатқан факт болды.

1715335406647203.jpg

(Сурет: видео скрині)

ПУТИН ПАРАДЫНЫҢ ІЛІП-АЛАРЛЫҚ 2 МАҢЫЗДЫ ТҰСЫ:

Біріншіден, бұл әскери парадқа Украина халқын қырған сарбаздардың сап түзеп өтуі һәм оларға деген Путиннің ерекше құрмет көрсетуі.

Екіншіден, әскери техниканың саны аз болғанымен ядролық қару-жарақ түрлерін Қызыл алаңнан алып өту.

Бұндағы Путиннің мақсаты – Ресейдің ядролық айбынын әлемге таныту болды десек қателеспейміз.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар