Путиннің көздегені келіссөз бе, Зеленскийді биліктен кетіру ме?

Ресей президенті Владимир Путин ресми сапармен Беларуське барды. Президент Александр Лукашенкомен жолығып, екіжақты кездесулер өткізді. Кездесу барысында Ресей президенті Украинамен келіссөз жүргізу жайына тоқталды. Бүгін осылар туралы аз-кем сөз етпекпіз.

1716566211575163.jpg

(Сурет: report.az)

Сонымен, Путин келіссөз туралы не деді?

Әуелі: «Келіссөздер туралы айтар болса, мен осыған дейін де айтып келемін, бүгін де Минискіде сол сөздерімді қайталаймын. Ресей Украинамен келіссөздерден ешқашан бас тартқан емес! Әлі де бас тартпаймыз!», - деді.

1716565722744988.jpg

(Сурет: АР)

Онан әрі 2022 жылғы Анкараның арағайындық жасауымен болған Украина-Ресей келіссөздеріне тоқталып: «Ол келіссөздер Беларусьте басталған. Кейін Украинаның сұрауы бойынша келіссөз алаңы Түркияға, Ыстамбұлға ауысты. Келісімге келуге шақ қалдық. Келісім жобасына дейін жеттік. Қол қойылыуы ықтимал болған сол келісім жобасының әр бөлігі егжей-тегжейлі қаралды. Тіпті, ол келісім Украина тарабының да қолайынан шыққан еді. Ол келісім жобасы біздің де көңілімізден шыққан.

Иә, ол жобаның қайта түзетілетін тұстары болды. Бірақ, жалпы алғанда келісім жобасына Киев те, Мәскеу де келісуге даяр еді. Кейін, Киевке Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі келіп-кеткен соң, Украина тарабы ол келісімді лақтырып тастады. Оған қоса, келісім жобасындағы міндеттемелерді орындауды тоқтатып, келіссөздердің тоқтатылғанын хабарлады. Олар мұны ашық айтты ғой. Біз емес қой, келіссөздерді тоқтатқан», - деп жалғады.

Одан әрі Ресей президенті келіссөздерді қайта жалғау туралы ұсыныстан бас тартпайтынын айтып, талап қойды. «Майдан даласындағы қазіргі жетіп, тоқтайтын территориялар бойынша ғана келіссөзді жалғай аламыз», - деді. Яғни, қазірге дейін Ресей әскері қай жерлерге аяқ басты, сол жерлер Ресейдікі дегенге келтірді.

«Украина келіссөзді қайта жалғауға құлықты болса, біз жоқ демейміз. Келіссөздер Ыстамбұл мен Минскіде қол жеткізілген қиын да күрделі келіссөздердің жалғасы болуы керек және онда қол жеткізілген талаптарды орындау принципті түрмі міндетті болуы керек», - деді Путин.

1716565886967564.jpg

(Сурет: Press/Ukraine Presidency)

«МАЙДАН 3» ОПЕРАЦИЯСЫНЫҢ АРТЫНДА ПУТИН ТҰР МА?

Ресей президенті Путин Украина президенті Зеленскийдің легитимділігі туралы да сөз етіп, Украинада билік төңкерісін жасауға бағытталған «Майдан-3» операциясының орындаушыларына талғажау тақырып тастап берді.

«Швейцариядағы «бейбітшілік онференциясын» ұйымдастырушылардың көздеген негізгі әрі басты мақсаты – президент Зеленскийдің легитимділігін заңдастыру болып табылмақ. Өйткені, зеленскийдің өкілеттік мерзімі аяқталған. Сондықтан, Зеленскийдің өкілеттігін заңдастыруға бағытталған мұндай қадамның ешқандай заңдық күші жоқ.

Әринне, егер Украина келіссөздерді жалғастыруға ниетті болса, онда біз келіссөздерді кіммен жүргіземіз деген сауал басы ашық қалады.

Мен келіссөздер жалғасуы керек деп есептеймін. Бірақ, келіссөздер талап тілімен емес, ақыл тілімен жалғасуы керек. Егер біз келісімге келіп жатқан жағдайда, біз Украинаның легитимді президентімен құжаттарға қол қоюымыз керек», - деп сөйледі.

Ресей президенті осы сөздері арқылы Украинада болуы ықтимал «Майдан-3» операциясына Мәскеудің қатыстылығын дәлелдегендей болды.

1716565980929030.jpg

(Сурет: Mezgil.kz скрині)

«МАЙДАН 3» ОПЕРАЦИЯСЫ ШЫНҒА АЙНАЛА БАСТАДЫ?

Mezgil.kz ақпараттық порталы, осыған дейін «Президент Зеленскийдің легитимділігі» туралы даудың басталып кеткенін егжей-тегжейлі жазған едік. Онда сыртқы күштердің демеуімен, Украинадағы реваншистік күштердің һәм Мәскеу агентурасының «Майдан-3» операциясын бастап кеткені туралы баяндалған.

Оның жақыр дәлелін кешелі-бері Украина Парламенті (Жоғарғы Рада) ішінде болып жатқан елішілік тартыстардан анық байқап отырмыз, «ОПЗЖ» (Ресейшіл олигархияның демеушілігімен құрылған партия) кейбір өкілдері, «Евросолидарность» (экс-президент Порошенко жақтастарының партиясы) және «Голос» оппозициялық партиялары «Зеленскийдің легитимділігі» туралы сөз қозғай бастаған.

1716566070831265.jpg

(Сурет: AFP)

УКРАИНА: ПУТИНДІКІ ӨТІРІК! ОЛ СОҒЫСТЫ ТОҚТАТҚЫСЫ КЕЛМЕЙДІ!

Ал бүгін Ресей президенті В.Путиннің келіссөздер тақырыбын сөз етуіне қатысты Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебо екі ауыз сөз арнапты. Бүйдейді:

«Путин 15-16 маусымда Швейцарияда өтетін «бейбітшілік саммитін» болджырмау үшін жанталасып жатыр. Бұл саммиттің нәтижелі болуынан ол өлердей қорқады. Дәл қазір Ресей әскері Украинаға тоқтаусыз шабуыл жасап жатыр. Дрондар мен зымырандар Украинаның бейбіт қалаларын, ауылдарын аяусыз бомбалап жатыр. Ал Путин аузы көпіріп: «Бейбіт келіссөздерге даярмыз», - дейді. Өтірік! Путин дәл қазір соғысты тоқтатқысы жоқ!

Бұл соғысты әлемдік қауымдастықтың басым әрі бірауыздан қабылдайтын шешімі ғана тоқтата алады! Бұл саммиттің басты нәтижесі осы болмақ! Әлем Ресейге: «Соғысты тоқтат», деп талап етуі тиіс! Ал Путин осындай талаптан қорқып, өтірік келіссөздер ұсынып әлек», - деді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар