Пашинян: Одақта бізді сатқан – Лукашенко! Қош бол, ҰҚШҰ!

Армения ақыры ҰҚШҰ-мен ат құйрығын кесісетін болды. Бұл туралы премьер Пашинян мәлім етті.

1718357850430250.jpg

(Сурет: Mezgil.kz)

АРМЕНИЯ: БІЗ ОДАҚТАН КЕТЕМІЗ, ҚАЙТЫП КЕЛМЕЙМІЗ!

«Армения ҰҚШҰ-дан кетеді. Біз кетеміз. Сіз не деп ойлайсыз? Келесі қадам қандай болады? Сіз бізді ҰҚШҰ-ға оралады деп ойлайсыз ба? Жоқ, басқа жол жоқ! Алаңдамаңыздар, біз қайтып оралмаймыз», - деп мәлімдеді Армения премьер-министрі Никол Пашинян.

Пашинян: «Құжатта жазылған міндеттемелерін орындамайтын ұйымда болудың қажеттілігі жоқ», - дейді.

1718357300178384.jpg

(Сурет: Михаил Метцель)

ПАШИНЯН: ОДАҚТА БІЗДІ САТҚАН ЛУКАШЕНКО!

Армения премьері осыған дейін де ҰҚШҰ елдерінің кейбірі 2020 жылғы 44 күндік соғыс кезінде Әзербайжанға болысқанын айтып, айыптап сөйлеген еді. Ол кезде Пашинян нақтылап, «пәлен ел, пыштан қару» демеген. Осы жолы деді. Беларусьті, Лукашенконы айыптады.

Пашинян: «ҰҚШҰ-ға мүше елдердің бірінің басшысы 44-күндік соғыс дайындығына қатысып, Әзербайжанның жеңісіне сеніп, Бакуды қолдағанын айтты. Осыдан кейін мен ҰҚШҰ форматында Беларусьқа барып, президентімен сұрақтарды талқылаймын ба? Сендер намыс, принципшілдік жайлы айтасыңдар ғой», - деді.

Ол Беларусь президенті Лукашенко болып тұрған сәтте, Армениядан бірде-бір делегация Беларусьқа бармайтынын айтты. Беларусь СІМ-і Пашинянның мәлімдемесінен кейін бірден Армения елшісін шақыртты.

Ал Пашинян аппаратын басқаратын Араик Арутюнан Арменияның барлық лауазымды тұлғаларына Беларуське баруға тыйым салды!

Пашинянның сөздері әдетте Ресейге деген өзіндік көзқарасымен ерекшеленіп тұратындықтан, оны басқаша түсіну қиын емес. Суға кеткен кемедей күй кешкен Ресейдің маңында бұдан былай ешкімнің де қалмасы анық. Орталық Азия билігі де тап Ераванша ойлауға тиіс. Армения кету туралы шешім қабылдады және оны жүзеге асыру керектігін ойластыра бастады.

1718357430889901.jpg

(Сурет: Сергей Гунеев)

ГЮМРИДЕГІ БАЗА: РЕСЕЙ АРМЕНИЯҒА ҚАЛАЙ ҚЫСЫМ ЖАСАЙДЫ?

Сарапшылардың пікірінше, Армения жыл соңына дейін ұйымнан ресми түрде шығады. Бұл шешім елге өзінің сыртқы саясатын барынша еркін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алайда Гюмридегі ресейлік әскери базаның болашағы туралы мәселе туындап, Ераван қатты қысымға ұшырауы мүмкін.

Ресейдің саясаткерлері мен сарапшылары осы тарихи оқиғаға қатысты: «Шын мәнінде, біздің әскерімізді Армениядан қуып шығару бұрыннан Батыстың қалауы болатын. Біздің сарбаздардың орнына Арменияға француздар кіретіні анық. Бұл шын мәнінде денемізге шаншу болып қадалады. Біз Францияны соңғы бір жарым жылда Макронның ығына жығыла бақыладық. Және жағдай енді жақсармайды.

Францияның Кавказдағы оқиғаларға қатысуы қаншалықты қауіпті? Осы жағдайдың ықтимал салдарын қарастырайық. Бұл Ереван мен Баку, сондай-ақ Франция да өзінің басты жауы деп көре алатын Түркиямен қарым-қатынастың тез нашарлауына әкелуі мүмкін. Анкараның Парижге көптен бері даты бар», - дейді.

1718357601209571.jpg

(Сурет: Trend.az)

ҰТЫЛҒАН – РЕСЕЙ, ҰТҚАНДАР – ТҮРКИЯ МЕН ФРАНЦИЯ!

Орыстар зарлап отырған осы факторларды ескере келе, Түркияның Әзербайжанды бет перде етіп, Каспийге шығуы - Ресейдің сағын сындырары анық. Ұтылған – Ресей, ұтқандар – Түркия мен Франция болып отыр.

Бұрын бүткіл Кавказдағы жалғыз саяси ойыншы болған Ресей осылайша бармағын шындап тіседі. Тұран мен Батыс экспансияның Кавказда белең алуына жол ашып берді. Орталық Азиядағы құрлық және теңіз шекарасы бар қос түркі республикалары Қазақстан мен Түркіменстанға бұрынғыдай жалын күдірейте ашық ноқ көрсете алмайтын мүшәпір күйге түсті.

Шындығында, Армения мен Ресей ұтылып, Франция мен Түркияның асығы алшысынан түскен дәуірдің шымылдығы түрілді десек те болады. Бұдан біздің қазақ та сабақ алып, 400-і төбесінде ойнаған орыстан бойын аулақтатып, бағы жанған Түркиямен әріптестікті нығайтуға дәті бара қоя ма екен деген ойға еріксіз қалдық.

НАТО мен ЕО елі Кавказға нық табан тіреді. Ресейдің үміті тек өзі талай жерін тартып алған Гүржістанға түсіп отырғаны да арыстаның тышқанға айналғанындай көрінеді екен.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар