Рютте НАТО-ны басқарса: Бір қарыс жерді де беруге болмайды!

Нидерландының премьері-министрі Марк Рютте қзыметінен кетуде. Ол алдағы уақытта НАТО-ның Бас Хатшысы қызметіне келуі мүмкін және қазіргі сәтте альянсқа мүше елдер Рюттенің кандидатурасын қарастыруда. Марк Рютте Украинаны ашық қолдап, әскери көмекті арттыруды жақтайды. Ол осыған дейін: «Путинге бір метр жерді де беруге болмайды. Тарихта Еуропа елдері екінші жаһан соғысы алдында Гитлердің талабына көнуі үлкен соғысқа әкелгенін білеміз», - деген болатын.


Чем известен будущий генсек НАТО Марк Рютте: хождение по дому голышом и  стремление к жесткой экономии

 

НАТО-ның Бас Хатшысы болып тағайындалу үшін, НАТО-ға мүше 32 мемлекет те ұсынылған кандидатты қолдауы тиіс. Осы уақытқа дейін Марк Рюттенің кандидатурасына қарсылық танытып келген Венгрия мен Словакия оны қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

 

Bloomberg басылымы Венгрия мен НАТО арасында өзара келісім жасалғанын айтты. Венгрия НАТО мүшесі болғанына қарамастан, алдағы уақытта альянстың Украинаға қатысты бастамаларына қатысуға ниетті емес. Оның бұл ұстанымын НАТО басшылығы қолдайды. Ол үшін Венгрия билігі НАТО-ның бастамаларын бұғаттамауы қажет. Рютте НАТО-ның Бас Хатшылығын тізгіндейтін болса, Венгрияның ұстанымына құрметпен қарайтынын айтты. Артынша Венгрия премьері Орбан Рюттенің кандидатурасын қолдайтынын айтып, Х желісіне жазба қалдырды.

 

Словакия басшылығы да НАТО-мен келісім жасасуда. Словакия өзінің Әуе қорғаныс жүйелерін Украинаға бермек, ал НАТО елдері Словакияға басқа әуе қорғаныс жүйесі келгенше оның әуе кеңістігін қорғау міндетін бірлесе жүзеге асырады. Аталмыш келісімнен кейін Словакия Рюттенің кандидатурасын қолдауға дайын.

 

Румыния мемлекеті де Рюттені қолдауға дайын. Дей-тұра Румыния өз атынан НАТО-ның Бас Хатшылығына кандидатура ұсынып көрмек. Ол ел президенті Клаус Иоханнис болуы мүмкін. Алайда альянста Клаусты қолдайтындар саны аз. 

 

Марк Рютте Нидерланды премьері қызметінде Украинаға 5,6 млрд доллар әскери көмек көрсетті. Сонымен бірге Киевке F-16 ұшақтарын беруге дайын екенін алғаш болып мәлімдеді.  

 

Марк Рютте: «30-жылдардың соңында Ұлыбритания мен Франция Германияға Чехословакияны берді. Бұл бейбітшілікті әкеледі деп ойлады. Британ премьері Чемберлен келіссөзден кейін «Мен бейбітшілік әкелдім» деген еді.  Алайда оған Черчилль былай деп жауап қатты: «Британияға соғыс пен масқара болудың біреуін таңдау қажет болды. Британия масқара болуды таңдады. Демек енді ол соғысты да алады». Міне, мен үшін қазіргі жағдай да дәл осындай. Украинаның жерін беруге көз жұма қарауымыз, бізді жаңа үлкен соғысқа жақындатады», - дейді.

 

НАТО-ның Бас Хатшысы қазан айында ауысады. Алайда шілдеде өтетін НАТО саммитіне дейін кандидат анықталып, оны қолдау толық іске асуы тиіс. Сарапшылар Рюттенің Бас Хатшы болуы Ресейге қарсы альянстың саясатын әрекетін белсенді ете түсетініне сенімді. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар