Қырғызстандағы дау: Сырттай сотталған Бакиев фабрика салмақ

Қырғызстанның әлеуметтік желісінде Құрманбек Бакиевке қатысты дау шықты. Төңкерістен кейін Беларусьқа бас сауғалап кеткен Қырғызстанның бұрынғы басшысы сол төңкерісте қаза тапқандардың отбасы мүшелеріне арнап арнайы тігін фабрикасын салмақ. Фабрикаға арналған жерді билік өкілдері беруге дайын. Қырғызстандағы кей үкіметтік емес ұйым өкілдері аталмыш ақпаратты «Бакиевті ақтау әрекеті» деп қабылдайтынын айтып, дабыл қағуда. Бұл туралы "Настоящее время" басылымы жазды. 


Прощенный» народ Киргизии потребовал от Курманбека Бакиева вернуть  награбленное

 

Бірнеше апта бұрын Қырғызстанның ақпарат құралдары үкіметтің «Жетінші сәуір келісімі» деп аталатын компанияға тігін фабрикасын салуға бір жарым гектар жер бергенін жазды. Жобаға ақпарат көздерінің жазуы бойынша кемі 11,5 млн доллар қаражат жұмсалмақ. Артынша қаржыны Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев бөлуі мүмкін деген ақпарат шықты.

 

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұл туралы былай дейді: «Сәуірдегі сол бір қайғылы оқиғаларда 205 адам қаза тапты. Олардың туыстары бірігіп, акционерлік қауымдастық құрды. Жерді біз қандай да бір жеке адамға емес, сол қауымдастыққа бөлдік. Ол фабрика салына ма, жоқ па маған белгісіз. Өйткені мен сәуірліктердің Бакиевпен қалай келіскенін білмеймін. Уақыт береміз. Егер фабрика салынбайтын болса, онда жылдам арада жерді мемлекетке кері қайтарып аламыз», - дейді. Осылайша Жапаров аталмыш іске Бакиевтің қатысы барын растады.

 

«Айкөл Таза Коом» бірлестігінің мүшесі Асылкан Тоқтоғұлованың сөзінше Бакиев сол оқиғада қаза тапқандардың туыстарына өтемақы ретінде тігін фабрикасын салып беруге расымен де келісім берген.

 

«Біздің өкілдеріміз Бакиевке барып, кездесіп қайтты. Бакиев сәуірдегі қайғылы оқиғада қайтыс болғандардың туыстарына өтемақы ретінде тігін фабрикасын салып беруге келісті. Біз 14 жыл бойы қиналдық. Осы жылдар аралығында бізді түрлі саясаткерлер өз бас пайдалары үшін қолданып, артынша ұмыт қалдырды. Ал енді қазіргі сәтте, біз осындай өтемақы алуға қол жеткізейін десек, түрлі адамдар кедергі жасауда. Барлығына бір Бакиевті кінәлауға болмайды. Уақытша үкіметтің кінәсі де жетерлік», - дейді ол.

 

Жалпы сол төңкерістен кейін 11 қоғамдық ұйым құрылған. Аталмыш ұйымдардың біреуі ғана Бакиевтен өтемақы алуға келіскен, ал қалған ұйым өкілдері келісімін берген емес. Осыған байланысты өзге ұйым өкілдері Бакиевпен келісім жасау оны ақтаудың алғышарты болатынын айтып, дабыл қағуда. Осылайша Қырғызстан қоғамында аталмыш фабрикаға қатысты екі көзқарас қалыптасты. 

 

Құрманбек Бакиев Қырғызстанда сырттай 30 жылға бас бостандығынан айырылған. 2023 жылы Қырғызстан билігі «Құмтөр ісі» бойынша Бакиевті қосымша 10 жылға соттады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар