Қазақстанға Жапон премьері келе жатыр: Қазақстанға Ресей ғана емес, біз де доспыз!

Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Астанаға 9 тамызда келеді деген ақпарат шықты. Қазақ жеріне келе жатқан Кикида Орталық Азия елдерінің басшыларымен «ОА5 + 1» форматында кездесу өткізеді.

1719399345384729.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz)

Бұған дейін хабарлағандай, Жапония үкіметі жазда Орталық Азияның бес елімен: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстанмен саммит өткізуге дайындықты бастаған болатын.

Жапонияның «Kyodo» агенттігінің хабарлауынша, Ёсимаса Хаяси Жапонияның 2004 жылы Орталық Азияның бес елімен сыртқы істер министрлерінің кездесуі механизмін іске қосқанына 20 жыл өткенін атап өтті. «Достық пен өзара сенімге негізделген әріптестік пен өзара тиімді ынтымақтастық тереңдей түсті», - дейді ол.

Ёсимаса Хаяси сондай-ақ Ресейдің Украинаға әскери шабуылын ескере отырып, еркін және ашық заң үстемдігіне негізделген халықаралық тәртіпті сақтау және нығайту үшін Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық бұрынғыдан да маңызды екенін айтты.

Жапония 2004 жылдан бері Орталық Азияның бес елімен СІМ басшылары деңгейінде тұрақты кездесулер өткізіп келеді. Биыл бұл форматқа 20 жыл толады, осыған байланысты тараптар оның мәртебесін саммитке дейін көтеруге ниетті.

Орталық Азия мемлекеттерінің дәстүрлі түрде Ресеймен және Қытаймен тығыз байланысы бар. Жапония сондай-ақ осы өңірде орналасқан мемлекеттермен қарым-қатынастарды дамытуды маңызды деп санайды. Өйткені ОА жапон бизнесін қызықтыратын пайдалы қазбалардың үлкен қоры бар.

Жапония Қазақстанға қандай ұсыныстармен келе жатыр? Біз осыған дейін Mezgil.kz ақпараттық порталында: «Жапония: Қазақстанда бас қосамыз, ұсынысымыз көп!» атты сараптамамызды жариялаған едік.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар