Сарапшы: Соғыстан кейін зауыттар тоқтайды, ал халық жұмыссыз қалады

Ресейдің Украинаға басып кіруі әлемдік саясаттағы милитаризмді күшейтті. Әлем елдері қорғаныс саласына көбірек қаржы жұмсауға көшті. Қазіргі уақытта НАТО елдері ЖІӨ-нің 2 пайызға жуығын қорғаныс саласына бөлуде. Калифорния университетінің профессоры Олег Ицхокидің пікірінше аталмыш тенденция Ресейде де бар. Мәскеу ЖІӨ-нің 9 пайызға жуығын немесе федералды бюджеттің 40 пайызға жуығын қорғаныс және қауіпсіздік саласына бағыттауда. Оның ішінде әскер, тәртіп сақшылары және басқа құрылымдар да бар.


Армия РФ: Проблемы российской армии на юге | Цензор.НЕТ

 

Профессордың пікірінше әскери шығындар мемлекеттің дамуын тежейді. 1991 жылы КСРО ыдыраған сәтте, Еуропа елдері қырғи-қабақ соғыста қабылданған көптеген қорғаныс бағдарламаларынан бас тартып, қаржыны халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағыттады. Бұл Еуропа елдеріндегі орта тап өкілдерінің санын арттыруға себепкер болды. Қазіргі сәтте Ресей керісінше шешім қабылдауға көшкен дейді профессор Ицхоки.

 

Сарапшы АҚШ билігі Ауғанстан және Ирактағы соғыста ЖІӨ-нің 5 пайызға жуығын қорғаныс саласына бөлгенін айтуда. Алайда АҚШ аталмыш елдерден әскерін шығарған соң, әскери шығын көлемі ЖІӨ-нің 2,7 пайызына тең болған. АҚШ 2024 жылы әскери бюджетке 884 млрд доллар бөлді, бұл әлемдегі барлық әскери шығынның 40 пайызына жуық.

 

АҚШ Ресейдің Украинаға агрессиясынан кейін, қорғаныс саласында жаңа жобаларды қолға алуда. Вашингтон артиллериялық снарядтар мен әуе қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандарды шығаруға басымдық беруде. Сарапшылар Вашингтон әскери салаға бөлетін қаржысын біртіндеп 2,7 пайыздан 3,5 пайызға жеткізуі мүмкін деп болжайды.

 

Еуропа елдері де қорғаныс саласына бөлінетін қаржыны арттыруда. Германия 2015 жылдан бастап қорғаныс саласына бөлетін қаржыны жыл сайын арттыру стратегиясын қабылдаған. Польша қорғаныс саласына бөлетін қаржыны ЖІӨ-нің 3 пайызына теңестірмек. Балтық елдері де Польшаның бағытын таңдаған. ЕО елдері әскери бюджетті ЖІӨ-нің 3 пайызына теңестіру экономика үшін айтарлықтай қиындық туындатпайтынын айтуда, алайда шығында 3 пайыздан арттыру бірқатар әлеуметтік бағдарламадан бас тартуға немесе экономиканы қайта қарауға мәжбүр етеді.

 

Әскери шығынды арттыру Азия аймағында да байқалады. Қытай жыл сайын қорғаныс саласына бөлінетін қаржыны арттыруда және аталмыш көрсеткіште АҚШ-тан кейінгі екінші орынға жайғасты. Тайуан елі де шығын көлемін арттыруда. Жапония, Оңтүстік Корея және Филиппин де тенденциядан қалмауға тырысуда. Алайда Азия елдері әскери шығынның артуы экономиканың өсуіне кедергі жасамайтындай негізде болуы тиіс деп санайды.

 

Профессор Ицхоки Ресейдің қорғаныс және қауіпсіздік саласына шығынды арттыруы Кремльдің кей әлеуметтік саладағы бағдарламадан бас тартуына әкелетініне сенімді. Ресей қорғаныс және қауіпсіздік саласына ЖІӨ-нің 8,7 пайызына тең болатын қаржыны жұмсауда. Федералды бюджеттің жасырын бөлігі 22,6 пайызға жетті. Бұл қаржы да қорғаныс саласына жұмсалуы мүмкін дейді сарапшылар.

 

Профессор Ицхокидің болжамынша Ресей экономикасы соғысқа байланысты әскери бағытқа ауысуда. Бұл бір жағынан әскери зауыттардың, жанармай мен азық-түлік саласының жұмыс істеуіне ықпал етуде. Алайда соғыс аяқталған сәтте экономиканы қайта бейімдеу қиынға түсіп, экономикалық дағдарыс басталуын болжауда. Сарапшы: "Соғыс бар сәтте зауыттар істейді, ал соғыс тоқтаған сәтте зауыттардың басым бөлігі тоқтап, халық жұмыссыз қалады. ЖІӨ-нің 9 пайызына жуық бөлікті қайта бейімдеу оңайға соқпайды", - деген пікірде. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар