Сарапшылар: Мигрантсыз Ресейдің күні жоқ, оны айтуға мигранттың "үні" жоқ!

Ресей экономикасына жұмысшы күші жетіспеуде. Бұл туралы ресейлік және Батыс сарапшылары мәлімдеді. Жұмысшы күшінің тапшылығы соғыспен және соғыс салдарынан Ресей қоғамында болған өзгерістермен тікелей байланысты. Ресейдің Украинаға соғыс ашып, мобилизация жүргізуі миллиондаған ер азаматтың фронтқа аттануына немесе мобилизациядан бас сауғалап, өзге елге кетуіне әсер етті. Жүздеген мың ресейлік әскери дайындыққа шақырылған. Ал Батыстың Ресейге салған санкциясы Ресей экономикасын еңбек мигранттары үшін тартымсыз ете түсті.  Кремль еңбек мигранттарына талапты күшейтіп, тексерісті арттырған. Сонымен бірге Ресейдегі еңбек мигранттарын бопсалап, соғысқа әкету фактілері тіркелген. Еңбек мигранттары үшін аталған фактілер Ресей нарығынан кетуге себеп болуда.


Работающих не по профессии мигрантов хотят начать выдворять из России

 

2022 жылға дейін Ресей нарығындағы негізгі еңбек мигранттары Орталық Азия елдерінен келгендер еді. Алайда соңғы зерттеулер жағдайдың өзгергенін көрсетуде.

 

Ресейдің Ғылым академиясына қарасты Экономика институтының болжамынша, қазіргі таңда Ресей нарығындағы жұмысшы күштің тапшылығы 5 млн адамды құрайды. Жыл сайын Ресейге 3 млнға жуық еңбек мигранты келеді. Олардың басым көпшілігі Орталық Азия елдерінің тұрғындары саналады. 2023 жылы Ресейге Өзбекстаннан 1,6 млн, Тәжікстаннан 985 мың және Қырғызстаннан 516 мың адам барып, жұмыс істеген. Еңбек мигранттары көбіне маусымдық жұмыстарға келген және басым көпшілігі құрылыс саласында еңбек еткен.

 

«Крокус Сити Холл» орталығындағы лаңкестік, Ресей депутаттарының мигранттарға қатысты түрлі ережелерді енгізуі, Ресей қоғамындағы мигранттарға қатысты көңіл-күйдің күрт негативті форматқа ауысуы еңбек мигранттарын Ресей нарығынан кетуге мәжбүрлеуде. Сәуір айынан бастап Петербор қаласында Тәжікстан азаматтары тарапынан жұмыс іздеу көрсеткіші 60%-ға, Өзбекстан азаматтары тарапынан жұмыс іздеу 40%-ға азайған. Ресейдің 11 аймағы мигранттарды жұмысқа алуға қатысты шектеулер енгізген. Аталмыш аймақтар жергілікті халықты жұмыспен қамту басты міндет болуы тиіс деп санайды.

 

Ресей нарығынан мигранттардың кете бастағанын статистика да көрсетуде. 2023 жылы Өзбекстан азаматтары Ресейден қаржы аударуды 42%-ға, Қырғызстан азаматтары 12%-ға, Тәжікстан азаматтары 8%-ға азайтқан. Сарапшылар Ресей билігінің соңғы шешімдері Орталық Азиядан еңбек мигранттарының келуін тіпті азайтатынына сенімді. 

 

Орталық Азия азаматтары Ресейден бөлек Түркияға, Ұлыбританияға, Польшаға, Оңтүстік Кореяға және Израильге барып, жұмыс істеуді арттырған. Сарапшылар Ресей экономикасы үшін Орталық Азия азаматтарының Ресей нарығына келіп, жұмыс істеуін аса маңызды санайды. ОА азаматтары орыс тілін біледі, заңды түсінеді, бұл басты фактор дейді олар. Орталық Азия мигранттарынсыз Ресейдің құрылыс, тау-кен өндірісі, қызмет көрсету және тазалық секторында коллапс болу мүмкіндігін болжауда. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар