Үрей үстіндегі Лукашенко: Батька неден қорқуда?

Александр Лукашенко Украина әскерінің Курскке шабуылынан кейін, бірнеше даулы мәлімдеме жасап, сұхбат берді. Сарапшылар Лукашенконың мәлімдемелерінің астарында үрей жатқанын айтуда.  


Назван единственный страх Лукашенко: Белоруссия: Бывший СССР: Lenta.ru

 

Александр Лукашенко Украина әскері Ресейдің Курск аймағына басып кірген сәтте, Украина шекарасына өз әскерінің үштен бір бөлігін топтастырды. Бұл әрекетін Минск Киев тарапынан жасалған арандатуға жауап деп атады. Беларусь басшысы Украина дрондары ел аумағына заңсыз кіріп, әуе кеңістігін бұзғанын айтқан болатын.

 

2024 жылдың 13-шілдесінде Лукашенко Украина шекарасында тұрған Беларусь әскерін кері алдыруға бұйрық берді. Ресейлік тарап артынша бұл шешімді сатқындыққа балап, Украина әскерінің Курскке шабуылына Лукашенконың да қатысы бар деп айыптады. Бұл туралы беларусь саясаттанушысы Валерий Карбалевич былай дейді: «Лукашенко айыптауларға байланысты алаңдай бастады. Ол Беларусь аумағына украин дрондары кіргенін айтты. Минск тіпті «Россия» арнасының түсірілім тобын шақырып, екі сағат бойы Ресейді қолдайтынын айтып, ақталғандай болды».

 

Украин саясаттанушысы Владимир Фесенко болса, Лукашенконың мәлімдемелерінен екі месседжі байқаған. Саясаттанушы: «Біріншіден, Лукашенко Ресей алдында ақталып сөйлей бастады. Яғни, болып жатқан іске менің қатысым жоқ дегені. Екіншіден, ол келіссөздерге шақыруда. Лукашенко соғыстың ушығуы Беларусьты да осы қақтығысқа тікелей қатыстыруы мүмкін деп қауіптенеді. Бұл оның режимі үшін үлкен қауіп қой. Менің ойымша ол келіссөздерге шақырған сәтте шын айтып отыр деп ойлаймын», - дейді.

 

Беларусь сарапшысы Карбалевичтің ойынша Лукашенко Ресей тарапын көмек беруді сұраса да, шынайы әскери көмек беруден қашқақтайтынын жеткізді.

 

«Ол НАТО-мен батыс шекарада жағдайдың қиындығын үнемі айту арқылы, оңтүстігіндегі Украинамен соғысуға ниетті еместігін көрсетуде. Киевпен соғыссақ, батыс шекараны кім қорғайды дегендей сыңай танытып, тікелей қақтығыстан қашып жүр», - дейді Карбалевич.

 

Украин сарапшысы Самусьтың пікірінше Беларусь әскері Украинамен соғысуға қабілетсіз. Себебі Минск екі жарым жылдың ішінде Ресейге әскери техникасының басым бөлігін бейресми форматта жеткізіп берген-міс.

 

Самусь Беларусь әскері өте аз екенін де тілге тиек етті. «Беларусь әскері бірде-бір қақтығысқа қатысып, тәжірибе жинаған емес. Егер Лукашенко біреуге әскер берсе, оның режимі әлсірейді. Ресей әскері 20 мың сарбазбен бір ауылды жарты жыл шабуылдайды. Ал Лукашенкода бар болғаны 15 мың әскер. Ол әскер не шешеді?!» - дейді ол. Тәуелсіз әскери сарапшылардың пікірінше Лукашенкода шындығында 45-50 мың әскер бар.


Сарапшылар Лукашенконың соңғы айларда Батысқа қарай бірнеше сигнал жібергенін айтты. Оның ішінде саяси белсенділерге рақымшылық жасап, оларды босату, Еуропаның 35 еліне біржақты визасыз режим ашу әрекеттері бар.

 

2025 жылы Беларусь елінде кезекті президенттік сайлау өтеді. ЕО елшілері бұған дейінгі сайлаудың нәтижесін мойындаған емес. Беларусь басшысы өз еліне салынған санкцияны азайтуды ойлайды, алайда Батыс Лукашенкоға әзірге жауап қатқан жоқ. Сарапшылар Ресей әскері Украина соғысын сылтауратып, Беларусь жеріне түбегейлі орнап, Минскті саяси маневрден толық айыруы мүмкін екенін де болжауда. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар