Еуропа "газ қақпанынан" шықты: Ресей не істемек?

ЕО қауымдастығы қысқа тиісті мерзімнен екі жарым ай ерте дайындалып үлгерді. Суық маусымға газ қорын толтырып, жылыту жүйелерін модернизациялауды аяқтады. Газ қоры ЕО-ға алдымыздағы қысты дағдарыссыз өтуге кепілдік береді. Осылайша Еуропа үшінші жыл қатарынан ресейлік газсыз қысты өтпек.


Россия выключает главный газопровод в Европу. Пока временно, но ЕС боится,  что навсегда - LRT

 

ЕО елдері жер асты қоймаларындағы газ қорын толтырып алу арқылы, энергетикалық дағдарыстың алдын алған. Еуропаның бірқатар елдері әлі күнге дейін Ресей газына тәуелді. Алайда Украинаға нақты көмек беруші мемлекеттер ол тәуелділікті соңғы үш жылда еңсере білген.

 

Ресей президенті Владимир Путин «Газпромға» Украинаға басып кіргенге дейін Еуропаға берілетін газды азайту тапсырмасын жүктеген болатын. Ал Ресей Украинаға ашық соғыс ашып, агрессияға көшкен сәтте, Мәскеу ЕО нарығына жөнелтетін газ мөлшерін еселеп азайтып, бопсаны арттырды. ЕО қауымдастығы жылдам арада дағдарыстық жоспар әзірлеп, жоспарды REPowerEU деп атады. Жоспар бойынша Ресей газынан жылдам бас тарту, газ қоймаларын жаз ортасына дейін толтыру, ресейлік газға балама іздеу бекітілді. Үшінші жыл қатарынан ЕО елдері осы жоспар бойынша әрекет етуде.

 

Еуропа ресейлік газды азайтуды жалғастыруда. Өндіріс кешендерінің сұраныстарына қарамастан, Еуропа елдері ресейлік газды алуды азайтты. Оның орнына АҚШ-тан сұйытылған газды алуды арттырып, жел және күн станцияларына басымдық беруде. Франция ядролық станциялардың жұмысын күшейтіп, энергияны ЕО елдері арасында экспорттауды еселеп ұлғайтты.

 

Газ қоймаларын толық толтырған сәтте, Еуропа елдері қордағы газдың 60 пайызға жуығын ғана қыста жағады. Ал 40 пайызға жуық газ қоймада қалады. Сарапшылар Еуропа үшін газдың маусымдық тауар екенін айтуда. Газ бағасы Еуропада күз-қыс маусымында шарықтап, көктем-жазда түседі. Газдың бағасына қыстың суық немесе жылы болуы да әсер етеді.  

 

Еуропа елдерінде Украинаның газ қоймаларынан қосымша газ алу тәжірибесі қалыптасқан. Украинаның жерасты газ резервуарларында ЕО нарығының 10 пайызын қамтамасыз ететін газ сақталады. Ресей мен Украина соғысына қарамастан, Украина аумағы арқылы газды транзиттеу жалғасуда. Алайда ресейлік тараптың зымыран соққысын арттыруы, бұл қоймаларға да қауіп төндіруде.

 

Ресейлік газ Еуропа нарығы үшін басты энергия көзі саналды. Мысалы 2021 жылы ресейлік газ Еуропа нарығын 45%-ға қамтамасыз етті. Алайда соғыс басталған соң, ол азая түсті. 2022 жылы бұл көрсеткіш 24%-ға, ал 2023 жылы 15%-ға азайды. Ресейлік газды Еуропа сұйытылған АҚШ газымен және Норвегияның газ құбырымен алмастыруда. Ресейлік газға баламаны ЕО Орталық Азия елдерінен және Әзербайжаннан алуда.


Сарапшылар Еуропаның ресейлік газды жылдам алмастыру саясаты Мәскеуді тығырыққа тірегенін айтты. Ресейлік газдың баламасы артқан сайын, ЕО Украинаның қолдауды күшейтуде. Кремль Еуропаның "газ қақпанынан" жылдам шығатынын болжамаған. Ал Еуропа нарығына сатылуға тиіс газды Ресей енді Қытайға арзан бағаға сатуда. Бұл Мәскеудің қытай алдындағы тәуелділігін арттыруда. 


Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар