Ресей: Сепаратист Циндэ қалағанынша үре берсін!

Тайуан президенті Лай Циндэ Қытайдың Тайуанға жасауы ықтимал шабуылы аумақтық тұтастыққа байланысты болса, онда ең алдымен Қытай өзінің Ресей оккупациясында жатқан жерлерін қайтаруы тиіс дейді. Ол «Айгун келісімін» мысалға ала отырып, Бейжіңнің Тайуанға соғыс ашу жоспарын аумақтық тұтастықпен еш қатысы жоқ деп мәлімдеді.


Близится война США и Китая за Тайвань? Что это будет значить для Украины

 

«Қытай Тайуанды аумақтық тұтастақ үшін аннексиялауды ойлап отырған жоқ. Егер Қытай аумақтық тұтастық үшін Тайуанды қайтарғысы келсе, неге ол ең алдымен Айгун келісімі бойынша Ресей оккупациялап алған жерлерін қайтарып алмайды? Мысалы Ресей дәп қазір өте әлсіз күйде ғой. Сіздер Ресейден жерімізді қайтарыңдар дей аласыздар, алайда олай айтқан емессіздер. Сол себепті Тайуанды аумақтық тұтастық үшін қайтарамыз деу шындыққа жанаспайды», - дейді Тайуан басшысы.

 

Айгун келісімі 1858 жылы 28-мамырда жасалды. Бұл сол сәттегі Маньчжур жеріндегі Айгун қаласында қол қойылған құжат болғандықтан, тарихқа осы қала атауымен енді. Келісімде Ресей империясы мен Цин империясының шекараны реттеу, сауда және өзге де мәселелер қамтылды. Келісім бойынша Амур өзенінің сол жағалауының барлығы Ресейге берілді. Аймақтағы ірі өзендерде кемелердің жүзуіне және сауда жасауына екі тарапқа да рұқсат етілді. Келісім Ресейдің Қиыр Шығысқа бекіністер салып, аймаққа әскерін топтастыруға мүмкіндік ашты. Алайда бұл келісімді соңғы уақытта Қытайдың сарапшылары «әділетсіз» деп атап, түрлі пікірлер білдіруде.

 

2008 жылы Қытай мен Ресей шекараны демаркациялау бойынша процесстерді аяқтады. Сол жылы Қытай Тарабаров аралын алды және атауын Иньлундао деп өзгертті. Үлкен Уссури аралы екіге бөлінді. Қытайға берілген батыс бөлігі Хэйсяцзыдао деп атала бастады. Ал аралдың шығыс бөлігі Ресей иелігінде қалды. Осылайша екі ел арасында даулы деп саналған аралдарға қатысты шешім қабылданған болатын.

 

Ресейдің СІМ өкілі Мария Захарова Тайуан басшысы Лай Циндэге жауап қатты. Ол Қытай мен Ресей арасындағы барлық мәселе реттелген деген пікірде. 2001 жылдың, 16-шілдесінде Қытай мен Ресей бір-біріне қандай да бір аумақтық мәселесі жоқ екенін айтып, «Мәңгілік достық» туралы құжатқа қол қойғанын айтты. 2004 жылы екі ел арасында Қытай-Ресей шекарасы бойынша келісімдер жасалып, 2008 жылы аралдар бойынша аумақты бөлу іске асқанын мәлімдеді.

 

Захарова Ресейдің Тайуанды Қытайдың бір бөлігі санайтынын айтып, Тайуанның мәлімдемелері қандай да бір күшке ие емес дейді. Ол Мәскеу қашанда «біртұтас Қытай» принципін ұстанатынын айтты. «Американдықтардың айтағымен сепаратист Лай қалағанынша үре берсін», - дейді Захарова.

 

Лай Циндэ 2024 жылғы сайлау нәтижесінде билікке келіп, АҚШ-пен байланысын арттыруды ойластыруда. Бейжің Циндэні «бас сепаратист» деп атауда және оның билігі Қытай мен Тайуан соғысына әкелуі мүмкін деп топшылауда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар