Сонымен Мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған үш жылдық республикалық бюджет жобасы таныстырылды. Соның ішінде мәжілісмендерге еліміздің қорғаныс саласына қаржының аз бөлінгені ұнмады.
(Суреттер: asker.kz, BaigeNews.kz/ Данира Искакова)
Енді егжей-тегжейлі айтайық: 2025-2027 жылдарға арналған үш жылдық республикалық бюджет жобасы Мәжілісте таныстырылып, онда түрлі бағыттар бойынша бөлінетін сомалар аталды. Қорғаныс саласы бойынша елдің ЖІӨ-нің 0,44% бөлуді жоспарлап отыр.
«Бұл Қазақстан басқа мемлекетпен соғысқан жағдайында елдің шекарасы мен егемендігін қорғауды қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болады», - деп есептейді депутат Ермұрат Бапи.
Таныстырылым барысында мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи қаржы және қорғаныс министрліктеріне мемлекеттік тапсырыс пен мазмұнды ескере отырып, ЖІӨ-нің қанша пайызы Қазақстанның қорғаныс министрлігінің қызметіне бөлінетінін түсіндіруді өтінді.
«Мен жалпы күш құрылымдары бойынша айта аламын. Бізде ЖІӨ-ге 10,3% барлығы бойынша бөлінеді, ал егер қорғаныс министрлігі болса, бұл 1,8%», - деп жауап берді қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы.
Оның жауабын Қазақстан қаржы министрінің орынбасары Әскер Бейсенов толықтырды. Оның айтуынша, 2025 жылы қорғаныс министрлігінің бюджеті ЖІӨ-нің 0,44% -ын, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы - 0,24% -ын, жалпы қорғаныс шығыны - ЖІӨ-нің 0,68% -ын құрайды.
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи еліміздің қорғаныс ведомствосын осындай аз мөлшерде қаржыландыруға қатысты өз наразылығын білдірді. Атап айтқанда, егерәки соғыс басталған жағдайда республикалық бюджеттен қаржы аз бөлінсе, не болады деп алаңдайтынын алға тартты.
«2024 жылғы бюджетте әскери салаға ЖІӨ-нің 0,7 пайызы, 2025 жылға 0,8 пайызы қарастырылған. Бұл не қаржыландыру? Бұған кім жауап береді? Сарапшылардың болжамынша, 2030 жылы соғыс болуы мүмкін. Мұндай қауіп бар. Біздің қорғаныс ведомствосында осындай да болжам бар», - деді Ермұрат Бапи.
«2025 жылға түсімдер 21,7 триллион теңге деңгейінде болады. Трансферттерді есептемегенде 2025 жылға арналған кірістер 15,6 триллион теңге немесе түсімдердің 73%-ына тең. Келесі жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,7% деңгейінде болжанады, ал 2027 жылға қарай бұл көрсеткіш 1,9%-ға дейін төмендейді», - деді министрдің орынбасары.
Mezgil.kz