Украина әскері соңғы уақыттары Ресейдің тылындағы ірі әскери қоймаларды нысанаға алғаны жайлы осыған дейін жаздық.
18 қыркүйектің таңына таман Ресейдің Тверь облысындағы Тропец ауданының маңында орналасқан ірі әскери қоймаға дөп соққы жасалып, дүмпуі күні бүгінге дейін жаңғырып тұрған-ды. Көп мақталған «Искандер», «Точка-У» зымырандары мен С-300, С-400 кешендерінің зымырандары тарсылдап-гүрсілдеп жанды, сонда. Жарылыстың жойқын болғаны соншалық, артынша 2,8 баллдық жер сілкінісі тіркелді.
Содан көп ұзамай жатып, Украина әскері Ресейдің тылындағы әскери қоймаларға тағы да дөп соққылар жасады. 21 қыркүйекке қараған түнде, яғни бүгін соққы жеген Ресейдің Тверь облысы мен Краснодар облысындағы әскери қоймалар.
Краснодар: жарылған – Тихорецктегі қойма
Ресейдің Краснодар аймағының басшысы (губернаторы) Вениамин Кондратьев Украина әскери қоймаға дрондармен шабуылдағанын, бірақ аймақтың әуен қорғаныс жүйесі екі соққылаушы дронды қағып түсіргенін айтты. Губернатордың сөзінше, Тихорецк ауданында құлаған дронның бөлшегінен өрт шығып, қоймада жарылыс болған. Бұл енді Ресейдің аймақ басшыларының һәм әскери басшылығының жиі қолданатын шаблон, яғни ақталу сөздер. Нақты фактісі сол – Украина әскери қоймаларға мақсатты шабуыл жасады һәм қоймада жарылыс болды.
Краснодардағы қоймаған соққы жасалған сәтте, қойма аумағында 2 мың тонна оқ-дәрі және Солтүсрік Корейлік оқ-дәрілер тиелген кезекті эшелон болған. Сондай-ақ, соққы жеген тағы бір нысан – әуе нысандарын аңдып отырған «Подлет» радиолокациялық станциясы. Бұл турналы Краснодар аймағының басшылығы ресми мәлімдеді.
Тверь: жарылған – Октябрьдегі қойма
Украина қарулы күштері дәл көздеген тағы бір әскери қойма – Тверь облдысындағы, Октябрь ауылының маңындағы оқ-дәрі қоймасы. Бұл әлгінде ғана алапат жарылыс болған Тропецтен 16 шақырым жерде ғана орналасқан. Онда Ресей қорғаныс министрлігіне қарасты бас зымырандық-артиллериялық басқармасының 23-арсеналы сақталған.
Қабылданған шаралар: Краснодар облысында жарылыс болып, өрт шыққан қойманың маңындағы ауыл халқы (1200 адам) эвакуацияланды. Ал Тверь облысында Тропец ауданындағы Старая Торопа темір жол станциясы мен Октябрь темір жолының жолаушылары мен станция қызметкерлері эвакуацияланған.
Қосымша ақпараттар: Батыстық дереккөздердің мәліметінше, Краснодар облысында өртенген қоймада Ресейдің 719-шы артиллериялық оқ-дәрі базасы сақталған. Және мұнда Солтүстік Корей көмекке берегн оқ-дәрілер мен зымырандар сақталып келген.
Бұл соққылардың ұзақтығы Украина шекарасынан 450 шақырымды қамтыған. Талқандалған бас зымырандық-артиллериялық басқармасы (ГРАУ) Украинадан шартты 750 шақырымдық аймақта белгілі 7 арсеналдың бірі болған.
«Ресейдің Краснодар облысындағы жарылған әскери қоймада Солтүстік Корей берген оқ-дәрілер мен балистикалық зымырандар сақталған», - деп ресми мәлімдеді Украина ҰҚК жанындағы жалған ақпаратпен күрес Орталығының басшысы Андрей Коваленко.
Нақтылап айтқанда: Солтүстік Корей берген «KN-23» зымырандары мен «Смерч» РДОЖ (РСЗО) оқ-дәрілері және артиллериялық кешендер болған. Дәл осы база Ресей армиясының оңтүстік және шығыс әскеріне оқ-дәрі жеткізуде негізгі рөлді атқарып келген.
Тақырыпқа тұздық: Тверь облысындағы әскери қоймада «Сармат/Сатана» ядролық зымыраны сақталған болуы мүмкін деген де нұсқа айтылған. Әзірге бұл ақпаратқа қатысты ешбір тарап мәлімдеме жасаған жоқ.
Mezgil.kz