Javelin-нің жарқылы, дронның қаһары: Ресейде қанша танк қалды?

The Wall Street Journal басылымы Ресей әскерінің бронды техникасына қатысты сараптама мақаласын жариялады. Украинамен соғыста Ресей тарапы бронды техникасының басым бөлігінен айырылып, ескі техниканы модернизациялауға мәжбүр болғанын айтты.


Силы обороны Украины уничтожили 102 танковых батальона РФ с начала года.  Читайте на UKR.NET

 

«Мосфильм» компаниясының директоры Карен Шахназаров бірнеше ай бұрын Путинмен кездесті. Кездесу барысында ол Ресей әскерінің қажеттілігі үшін кинода қолданылатын реквизиттерді бергенін айтты. Оның ішінде ондаған бронды техника бар еді. Сарапшылар Карен Шахназаров берген техниканың майдан даласында үлкен өзгеріс әкелмейтінін, алайда Ресей әскеріндегі бронды техниканың тапшылығы артқанын көрсетті дейді.

 

Соғысқа дейін Ресей әлем елдерінің ішінде танк саны бойынша көшбасшы ел саналды. Ол тіпті НАТО елдерінің барлық танктерін қоса алғандағы саннан да көп жиынтыққа ие еді. Алайда Украина соғысы бұл көрсеткішке өзгеріс енгізді.

 

Ұлыбритания сарапшыларының айтуы бойынша Ресей майдан даласында кемі 11 мың бронды техниканы жоғалтқан. Оның ішінде 3600-ден астам танк бар. 2022-2023 жылдары Ресей соғыста негізінен жаңа танктерді қолданды және соңғы 15 жылда шығарған танктерінің басым көпшілігінен айырылды. Ұлыбритания сарапшылары Ресейдің әскери резервінде ұрысқа жарамды 2600-ге жуық танктың қалғанын жазды. Ал қалған мыңдаған техниканы модернизациялау үшін заманауи бөлшектер қажет дейді, алайда санкция әсерінен бөлшектерді табу қиынға соғуда. 

 

Ресей соңғы айларда ескі танктерді ұрыс даласында жиі қолдана бастаған. Сарапшылар Мәскеудің саны азайған жаңа танктерді сақтау үшін осындай әрекетке барғанын жазуда. 1991 жылы КСРО ыдыраған сәтте Ресейдің әскери қоймаларында ондаған мың бронды техника қалды. КСРО билігі көптеген жылдар бойы НАТО-мен соғысу қаупін ескеріп, бронды техниканы үздіксіз шығарумен болды. Кейін ол әскери техниканың көпшілігі Ресей билігіне мұра ретінде берілді.

 

90-шы жылдардың тоқырауында мыңдаған бронды техника Ресейдегі әскери полигондардың ашық алаңқайларында күтімсіз жатты. Экономикалық тұрғыдан бронды техникалардың күтіміне қаржы бөлу мүмкін емес еді. Сәйкесінше техниканың біраз бөлігі күн мен жел, жаңбыр мен қар әсерінен шіріп кетті. Кейін Ресей мыңдаған техникасын арзан бағада басқа елдерге сатты. Екі бірдей шешен соғысы мен Грузия майданында Ресейдің жүздеген бронды техникасы жойылды.

 

Украина әскері Ресейдің бронды техникасын майдан даласында сәтті жоюда. 2022 жылдың соңында әлемдік әскери сарапшылар Украина сарбаздарының майдан даласындағы ең тиімді қаруы ретінде Javelin-ді атады. Украина Javelin-нің көмегімен соғыс басталған сәтте, бір айдың ішінде жүздеген бронды техниканы жойды. Бүгінде соққылаушы дрондар бұл миссияны жалғастыруда.


Ресей жаңа танктерді жасауда Батыстың технологиясына тәуелді. Әсіресе заманауи танкке қажетті чиптер мен оптикаларды Франциядан алып келді. Соғыс басталып, санкция салынған соң, аталған бөлшектер Ресейдің қорғаныс өнеркәсіп кешендеріне берілмейтін болды. Мәскеу санкцияларды айналып өту жолдарын қарастыруда, дегенмен бұл барлық қажеттілікті өтей алмайды.

 

Мәскеу экономиканы соғысқа бағыттауда. Қорғаныс өнеркәсіп кешендері 24/7 режимінде жұмыс істеуде. 3 жылдың ішінде қорғаныс саласымен байланысты 500 мың жұмыс орны ашылған. Ал бюджеттің 30 пайыздан астамы осы салаға бағытталуда. 2025 жылы Ресей қорғаныс және қауіпсіздік саласына рекордты көрсеткіште қаржы бөлуде. Қорғаныс кешендері ескі танктерді күні-түні модернизациялауда. Оның ішінде Т-55 танктерінің саны көп.

 

The Wall Street Journal басылымы Ресейдің Курск облысындағы шабуылдары мен Покровск маңындағы шабуылдарына талдау жасады. Сарапшылар Ресейдің шабуылда танктерді қолдануды азайтып, оның орнына жеңіл бронды әскери көліктерді қолдана бастағанын жазды. Курск облысындағы КХДР сарбаздары бронды техниканың қорғауынсыз шабуылға шықса, Покровск маңында қарапайым көліктермен шабуылға шыққан. Аталған көріністер Ресейдің танктерді сақтауға тырысып жатқанын көрсетеді дейді мамандар. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар