Зеленскийдің сұхбаты: «Кешірім сұраған» Лукашенко мен Трамптан «қорқатын» Путин...

Украина президенті Зеленский америкалық подкастер Лекс Фридманға ауқымды сұхбат беріп, бірқатар маңызды тақырыптарды талқылады. Соның ішінде, Украинаның АҚШ-пен қарым-қатынасы, Украинаның Батыспен әріптестігі, Украина мен Ресей арасындағы болжалды келіссөздер, майдан даласындағы ахуал т.б, тақырыптар қамтылған екен.

1736156228819759.png

Сұхбат үш сағатқа жуық созылған. Бұл туралы президент Зеленский: «Алғаш рет американдық подкаст үшін үш сағатқа жуық сұхбат бердім. Күрделі сұрақтарға мағыналы жауаптар айтылды. Украинаның әділетті әлемге деген көзқарасын серіктес елдердің барлығы білуі маңызды», - деп жазды.

Сонымен, президент Зеленский не дейді? Біз аталған сұхбатта айтылған маңызды тезистерге шолу ұсынамыз...

УКРАИНА МЕН РЕСЕЙ КЕЛІССӨЗДІ ҚАШАН БАСТАЙДЫ?

Лекс Фридман: «Биыл қаңтарда Украина, АҚШ пен Ресей арасында үшжақты кездесу өтуі қаншалықты мүмкін?» деп сұраған. Оған президент Зеленский: «Мен әуелі президент Трамппен келіссөзге отыруым керек. Сосын келіссөздерге Еуропа лидерлерін араластыру керек. Ресеймен сонан соң ғана келіссөз туралы сөйлесуге болады.

Менің ойымша, қаңтардың аяғына таман біз президент Трамппен келіссөзге отырамыз. Путин мен ол бастаған соғысты қалай тоқтатуға болатынын ақылдасамыз. Біз Трамппен келісе аламыз. Егер Трамп Украинаға мықты қауіпсіздік кепілдігін ұсынса, осыдан кейін ғана Ресеймен әңгімелесуге болады», - дейді.

Зеленский: «Біз үшін Еуропаның үні маңызды. Еуропа Украина позициясын қорғайды. Трамп Еуропамен бірлесіп, Укаринаға күшті қауіпсіздік кепілдігін ұсына алады. Мен бұған сенімдімін», - дейді.

Укарина президенті Ресеймен келіссөздер тақырыбын талқылай отырып, 2019 жылғы «келіссөздерді» мысалға келтіре сөйледі.

«2019 жылы Путинмен келіссөзге келіп, Донбасста ұрысты тоқтаттық. Арада үш ай өткенде Ресей келісімді бұзды. Мен сол кезде Ресейге көп хабарластым. Олар тіпті, менің тұтқамды алмайтын жағдайға жетті. Мен сол кезде әртүрлі елдер арқылы Ресейден келіссөз сұрадым. Бірақ, Ресей оны қаламады», - дейді Украина лидері.

1736155283843611.jpeg

(Сурет: tsn.ua)

ЗЕЛЕНСКИЙ: ПУТИН ТРАМПТАН ҚОРҚАДЫ!

Украина басшысы белсенді ұрыстарды тоқтату үшін Украинаға кепілдік керек екенін айтады.

«Жақсы, Трамп күш салып, ұрысты тоқтаттық делік. Арада үш ай өтті дегенде Путин қайта соғысты бастап жібермесіне кім кепіл? Сол кезде Трамп не дейді, Украина қандай күйде болмақ? Путин неге соғыс бастауы мүмкін? Себебі, Путин қазір Трамптан өлердей қорқады. Сол себепті де Трамп ешқандай қауіпсіздік кепілдігінсіз ұрысты тоқтататын болса, Путинге тағы бір мүмкіндік тудырып береді», - дейді Зеленский.

Әрі қарай президент Зеленский Ресейге салынып жатқан санкциялар туралы былай дейді: «Ресей Украинаға қарсы соғыс ашпақ деген алғашқы әңгімелер айтыла бастаған кезде-ақ, мен АҚШ пен Батыстағы әріптестерімізге былай дедім: «Егер Ресейдің Украинаға басып кіретіні рас болса, сіздерде нақты деректер бар болса, егер сіздер Путинмен сөйлесіп, сондай ойы бар екенін тсүінсеңіздер, бізге 2 дүниені беріңіздер», - дедім. Олар: Бірінші – бізді қарумен қамтамасыз ету. Екінші – соғысты болдырмау үшін алдын ала шара қабылдау, Ресейге санкция салу», - дейді.

Ресей басып кірген алғашқы уақытта Батыстағы әріптестер тарапынан Украинаға лайықты әскери көмек көрсетілмегенін айтып, сынады.

ЗЕЛЕНСКИЙ: РЕСЕЙГЕ САНКЦИЯ САЛУДЫ ТАЛАП ЕТКЕН МЕН ЕДІМ...  

«Ресей Украина жеріне басып кірмей тұрып санкция салу керек еді. «Ол алдымен соғыс ашсын, шекарадан кесіп өтсін, адамдарды өлтірсін, сосын саламыз деу – кешіріңіз, «қыртқан әңгіме».

Ал соғыстың алғашқы кезіндегі әскери көмектерге келсек, лайықты көмек алмадық деп есептеймін. Егер сөз – қолдау болса, біз оған тойдық. Батыс Ресей Укаринаға басып кіргеннен кейін ғана Ресейге қарсы санкциялар салып, әскери көмек бере бастады», - дейді Зеленский.

Зеленский АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігін де сынға алып, Ресей әскері Украинаға басып кірген кезде Вашингтон Киевке қажетті әскери көмек көрсетпеді деп айтты.

1736155668371064.jpg

(Сурет: zn.ua)

ЗЕЛЕНСКИЙ: ЛУКАШЕНКО КЕШІРІМ СҰРАДЫ. БЕЛАРУСЬКЕ СОҚҚЫ ЖАСАУДЫ ҰСЫНДЫ...

Президент Зеленский соғыстың алғашқы күндері Беларусь басшысы Александр Лукашенкомен сөйлескенін айтты. Ол кезде Ресей әскері Беларусь жері арқылы Украинаға соққы жасап, Киевті алуға тырысқан еді.

«Мен Лукашенкомен телефон арқылы сөйлестім. Ол менен кешірім сұрады. «Біздің территориядан Укаринаға зымырандарды мен атқан жоқпын, Путин атты. Мен емес, мен бақылай алмаймын», - деп ақталды. Мен оған Путинмен теңдей қылмыскер екенін бетіне айттым. Ал ол маған: «Сен түсін, орыстармен соғысудың керегі жоқ», - деп иландыруға тырысты.

Тіпті, Лукашенко маған Беларусьті соққылауға болатын айтты. «Жақсы, ендеше Беларусьтегі бір МӨЗ-ге (мұнай өңдеу зауыты) соққы жаса. Сен білесің ғой, ол МӨЗ-дің мен үшін маңызды екенін», - деді Лукашенко. Ол Мозыр МӨЗ-ін ұсынды маған. Мен оған: «Қайдағы жауап?! Не деп отырсың», - деп ашуландым. Бұл соғыстың алғашқы екінші, әлде үшінші күні болатын», - дейді.

Мозыр МӨЗ-і – Беларусьтегі ірі мұнай өңдеу зауыты. Ол Ресей армиясына жағармай өндіріп, жеткізіп отырған негізгі зауыттардың бірі. Жұмысын 2024 жылдың 15 шілдесінде тоқтатқан. Беларусь билігі МӨЗ жұмысының тоқтауына «дауыл» себеп болғанын айтады. Ал Укарина БАҚ-тары зауыт Украинаның дрондарынан зақымданғанын жазды.

1736155766783762.png

(Сурет: wikipedia.org)

БУДАПЕШТ КЕЛІСІМІ: РЕСЕЙ УӘДЕСІНДЕ ТҰРМАЙТЫН ЕЛ!

Украина президенті Зеленский әңгіме барысында Укаринаға қауіпсіздік кепілдігін беретін «Будапешт келісімі» туралы да сөз қозғайды.

«Будапешт келісімінде» Украинаға қауіпсіздік кепілдігіні берілген. Әуелі 3 мемлекет басты кепілдік беруші болды. Олар: АҚШ, Ресей мен Ұлыбритания. Кейін Франция мен Қытай қосылды. Сөйтіп, ядролық қарудан бас тартқан Украинаның қауіпсіздігіне осы бесеуі кепілдік берген. Біз ол келісімнің бос қағаз ғана екенін енді түсініп отырмыз.  

Бізге бүгін қағаз жүзінде ғана бар қауіпсіздік кепілі емес, шын мәнінде Украинаға қауіп төндірмейтін кепілдік керек!», - дейді.

Айта кетейік, осыған дейін көптеген әскери және саяси сарапшылар үшінші жылға жалғасып жатқан Ресей мен Украина арасындағы соғыстың белсенді ұрыс қимылдары 2025 жылы аяқталуы мүмкін екенін айтқан. АҚШ-та жаңа сайланған президент Доналд Трамптың билікке кірісуі (2025 жылдың 20 қаңтары) – Ресей мен Украина арасында келіссөздердің бастауы болады деп күтілуде.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар