Санду мен Гуцулдың тіресі жаңа өңірлік қақтығысқа ұласа ма?

Әлемдік БАҚ Мәскеу қолдан тұтатқан Ғағауызия мен Молдова арасындағы тектіреске көп көңіл бөле бастады. Осыған байланысты біздің сайт «Ғағауыз басшысы: Ресей бізге көмектес! Молдова қысымды арттырды!» және «Жаңа операция: Мәскеу Молдованы Ғағауыздардың көмегімен жоймақ» атты қос бірдей сараптамалық мақала жариялаған еді. Енді жазылған жайға қайтып оралмақпыз.

1710835776426868.jpg

Бұған дейін Мәскеу Молдовада сепаратизмнің жаңа ошағын тұтатып, Кишиневтің Еуроодаққа баратын жолын бөгеу мақсатын көздегені жасырын емес. Әлем жұртшылығы бұны «Қос қатынның қырқысуы» деп әзілге айналдырғаны да жасырын емес. Бірақ әр әзілдің ар жағында бір шындық бұғып жатады.

«Молдова Президенті өз елінің заңдарын бұзғызды. Нәтижесінде Санду Гуцулға Молдова үкіметінен орын беруден бас тартты», - деп Ресей БАҚ-тары бақадай шулады.

Кім шағатын жыланды қойнына тыққысы келеді?! Сол себепті, бұл тұста Молдова билігінің бұл қадамын түсінуге болады. Пікірі қосылмайтын жанды бауырға тартудың арты – Донецк пен Луганск сценарийіне ұрындырмасына кім кепіл?! Онсызда Молдованың Приднестровье секілді саяси сыздауығы бар.

1710835631624096.jpg

САНДУ: ГУЦУЛ МОЛДОВАҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУДЕ

Сонымен... Сандудың айтуынша, «Гуцул Молдоваға қарсы әрекет етеді». Себебі Санду Ресейге қарсы ұстанымда. Еуроинтеграцияны жақтаушы.

«Жоқ, Гуцулды үкімет мүшесі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қоюға асықпаймын. Ол автономия тұрғындарына емес, «Шор» қылмыстық тобына жұмыс істейді. Бұл адам өз мемлекетіне қарсы мәлімдеме жасайды», - деп мәлімдеді Санду 18 наурыздағы брифингте.

Естеріңізге сала кетейік, Гуцул 2023 жылдың көктемінде Ғағауызия басшысының сайлауында жеңіске жеткен. Ол «Шор» партиясынан сайлауға қатысқан. Ал Молдова заңдары «Президент автономия басшысына үкіметте орын беруге міндетті» деп кепілдік береді. Бірақ Санду Гуцул мен оның партиясының ұстанымына байланысты бұл заңды орындамайтынын ашық айтты.

1710835577128718.jpg

ГУЦУЛ: САНДУДЫ СОТҚА БЕРЕМІН!

Ғағауыздардың башканы Евгения Гуцул өз кезегінде Сандудың кешегі мәлімдемесіне қатысты пікір білдіріп, Мая Сандуды автономия мен оның басшысына жайлы «жала» пікірі үшін сотқа беретінін мәлімдеді.

«Осы уақытқа дейін мен Сандудың осы өтірік сөздерін елемедім, бірақ бүгін ол барлық шекарадан өтті. Мен одан заң алдында жауап талап етемін. Біздің заңгерлер баспасөз конференциясында таратылған өтірік пен жапқан жаласы үшін Мая Сандуға қарсы ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау бойынша дереу сотқа жүгінеді», - деп жазды Гуцул өзінің Telegram-каналында.

Ол демократиялық жолмен сайланып, автономия басшысы болып бекітілгенін және сайлау нәтижелерін Молдованың барлық заңды органдары мойындағанын еске салды.

Ғағауызия басшысы сайлағаннан кейін Санду дауыс беру көптеген заң бұзушылықтармен өткенін мәлімдеді. Молдова полициясының қызметкерлері автономияның ОСК сайлау тізімдері мен басқа да құжаттарын тәркілеп, сайлау науқанын заңсыз қаржыландыру және «Шор» партиясы тарапынан сайлаушыларды сатып алу туралы қылмыстық іс қозғады.

Орталық биліктің әрекеттері жұртшылық пен оппозицияның наразылығын тудырды. Автономия Халықтық жиналысының (парламент) депутаттары шұғыл отырыста ОСК-ның Гуцулды сайлау туралы шешімін бірауыздан қолдады.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар