Елімізде құрылыс материалдары қымбаттады

4.jpg


2018 жылдың наурызында құрылыс саласындағы баға 5 пайызға жуық шамада қымбаттады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, ағымдағы жылдың наурызында өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда құрылыстағы баға 4,9, құрылыс-монтаж жұмыстарына  5, машиналар мен жабдықтарға 4, өзге де жұмыстар мен шығындарға 5,8 пайызға өсті.

 Жыл басынан бері құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және құрылымдардың бағасы 0,7 пайызға қымбаттады. Сонымен қатар I тоқсанында құрылыс ерітінділері 2,1, құм 1,6, жазық илек 1,2, құбырлар  0,8, бояулар мен эмальдар  0,7, кірпіш  0,5 пайызға бағасы көтерілді. Ал ғаныш картон 0,8, портландцемент 0,5, қиыршық тас 0,4 пайызға арзандады.



Ұқсас тақырыптар