Қазақстан 2018 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне $2,3 млрд сомасындағы тауарды жеткізген, бұл өткен жылғы осы аралықпен салыстырғанда 10,1% артық, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.
Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегінше, Ресей 2018 жылдың қаңтар-мамыр аралығында одақ елдеріне $15,5 млрд сомасындағы тауарды экспорттаған, 2017 жылдың осы аралығымен салыстырғанда өсім деңгейі 18,1%.
Ал Беларусияның экспорты $5,7 млрд (+8,7%) құраған, Армения - $242,2 млн (+32,6%) және Қырғызстан - $257,6 млн (+21,2%).
Осылайша ЕАЭО елдері арасындағы өзара сауда-саттықта Қазақстанның экспорт өсімі Армения, Ресей және Қырғызстанға жол беріп тұр.
Бір қуантарлығы Қазақстан биыл Арменияға $3,4 млн сомасындағы тауарды жеткізген, бұл өткен жылғыға қарағанда бес есе көп. Қырғызстанға –$226,2 млн, Ресейге – $2 млрд-қа дейін, Беларусияға экспортталған тауар өсімі керісінше төмендеп $42,2 млн құраған.