Энергетика министрлігі ішкі нарықтағы сұйытылған газдың шекті бағасын бекітті

d9a06d6df76f0f3d9501bddcbe258390_resize_w_742_h_365.jpg


ҚР Энергетика министрі 2020 жылғы 25 қыркүйектегі бұйрығымен электрондық сауда алаңдарынан тыс Қазақстан Республикасының ішкі нарығына жоспарға сай жеткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекітті.

Сонымен, 2020 жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейінгі кезеңге қосымша құн салығын есептемегенде сұйытылған мұнай газының бір тоннасы 38 701,67 теңгені (отыз сегіз мың жеті жүз бір теңге алпыс жеті тиынды) құрайды.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап өз күшіне енеді.


Nege.kz



Ұқсас тақырыптар