Қазақстандықтар Ұлттық банктің ноттарын 7 млн теңгеге сатып алды

6.jpg


Invest Online жүйесінің бірінші аптасында Ұлттық банктің ноттарын сатып алу үшін қазақстандықтар 78 000-нан астам бағалы қағаз сатып алды, деп хабарлайды LS.

Ұлттық банкте көрсетілгендей, 2 сәуірдің соңында тіркелген пайдаланушылар саны 447-ге жетті.

Есепті кезеңде қазақстандықтар 7,22 млн теңгеге 78,2 мың нот сатып алды.

Ұлттық банктің соңғы мәліметтері бойынша, 3 сәуірдің соңында сатып алынған ноттар саны 14 млн теңгеге 152,6 мың бағалы қағаздан асады.

Дереккөз: 7kun.kz



Ұқсас тақырыптар