Швецияда Қытай тыңшысы ұсталды

2.jpg


Швеция 49 жастағы Тибет азаматын Пекиннің атынан тыңшылық қызмет атқарды деп айыптауда. Аты-жөні жасырын қалған азамат көптеген адамдар туралы мәліметті, мекенжайлар мен саяси ақпараттарды ұзақ уақыт бойы Қытай шенеуніктеріне жөнелтіп отырған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.

Прокурор Матс Юнгквисттің айтуынша, тыңшы 2015 жылдың шілдесінен бастап 2017 жылдың ақпанына дейін маңызды ақпараттарды Польша мен Финляндиядағы Қытай шенеуніктеріне жөнелткен.

«Бұл адам – тибет азаматы, алайда Қытайға қызмет етеді. Ұзақ уақыт бойы көптеген азаматтарға нұқсан келтіріп, ақпарат жөнелтумен айналысқан», - деді Юнгквист.

Қытай Сыртқы істер министрлігі де, Швеция билігі де прокурордың бұл мәлімдемесіне бірден жауап бермеді. Ал Швециядағы Тибет қоғамының Президенті Джамьянг Чоедон бұл ақпаратқа алаңдаушылық танытқанын айтып отыр.

«Біз тыңшы туралы естіп, таң қалдық. Швецияда бар болғаны 140 тибеттік азамат бар, сондықтан көзге бірден түсетін аз топтан Қытай Үкіметінің тыңшы таңдап алуы күлкілі», - деді Чоедон.

Бірақ Чоедон Швецияға жер аударылғандардың арасында көпшілігінің Тибетте отбасысы бар екенін жоққа шығармады. Швеция тұрғындарына қамауда отырған тыңшының жасаған әрекеттері дәлелденсе, Стокгольм-Пекин қарым-қатынасына сызат түсері даусыз.

Айта кетерлігі, осыған дейін Швеция азаматы Гуй Минхай тыңшылығы үшін түрмеге тоғытылған. Ол 2014 жылы Қытайда Гонконг киносын саудалағаны үшін швед елшілерінің алдында ұсталған. 53 жастағы Гуй Пекин коммунистік билігін сынға алып, көптеген еңбектерін жариялаған. Ол дәрігерге қаралу мақсатында Пекиндегі Швеция елшілігіне барған сапарында ұсталып, түрмеге жабылған.

Былтырғы жылы да дәл осы айыппен Швецияда тыңшылық әрекеті үшін бір адам ұсталған. Үндістандағы Тибет қоғамы он жылдан бері кибер тыңшылық операциялар жасайтын, Қытаймен байланысы бар ұйым ретінде айыпталып отыр.



Ұқсас тақырыптар