Қытай президенті Си Цзиньпин мемлекет әлемдегі ең ықпалды елдер қатарына кірсе де “үстемдік етуге ұмтылмайды” деп мәлімдеді. Сейсенбі күні Қытайдағы реформалар мен ашықтық саясатының 40 жылдығын атап өту шарасы кезінде Қытай басшысы осылай деді.
Ол елдің бұрынғы басшысы Дэн Сяопиннің нарық реформасы мәдени революциядан кейінгі ел экономикасының құлдырауынан сақтап қалғанын да айтты. Цзиньпин көпжақты сауда жүйесін дамытуды қолдайтынын айтқанмен АҚШ-пен арадағы “сауда соғысы” тақырыбын айналып өткен.
2 желтоқсанда Буэнос-Айрестегі кездесуде АҚШ пен Қытай басшылары жаңа жылдан бастап екі ел арасындағы тауар импортына баж салығын енгізбеу туралы келіскен. BBC жазуынша, тарифтерді қымбаттатуға қатысты мораторий 90 күнге созылады.
Қыркүйек айында екі ел өзара импорттайтын тауарларға жаңа баж салығын енгізген. Екі ел арасындағы "сауда соғысынан" көрші елдер көбірек зардап шеккен.