Назарбаев Жолдауының 95 пайызы орысша болды

Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа кезекті жолдауын жариялады. Мамандар мен сарапшылар биылғы Жолдаудың әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлінгенін айтады.

20181005112355.jpg

Оларды мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 35 пайызға өсетіні,баспана мәселесін шешуді қадағалауды тапсыруы, жемқорлықпен күресті күшейтуді, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын арттырып, мұғалім мәртебесін анықтайтын заң қабылдауды тапсыруы жұрттың көңілінен шығып жатыр.

Сондай-ақ, шенеуніктерге талапты күшейтіп, олардың жұмыс тәжірибесін жетілдіруге мән беретіндігін, 2019 жыл - жастар жылы болсын деген ұсынысын қолдаушылар көп. 

 Назарбаевтың биылғы Жолдауында 95 пайыз орысша сөйлегеніне кейістік танытып жатқандар да бар. Олар Үкімет пен Парламентке мемлекеттік тілде сөйлеуді айтқанымен, оның әлі толық жүзеге аспау себебін Президенттің маңызды жиындарда орысша сөйлейтінімен байланыстырады. 


Ұқсас тақырыптар