Қазақстанның тұтастығын қаламайтын ресейлік шенеуніктер

Солтүстіктегі көршіміз «қазақтарда тіл де, мемлекет те болмаған» деген айғай сөзін талай жылдан бері айтып келеді. Күні кеше «Россия 1» телеарнасында бастары қосылған бір топ шенеунік-саясаткерлер бірінен соң бірі даурығып, қазақтарға құқай көрсетті. Біз әр жылдары Қазақстан тұтастығы мен тарихына тіл тигізген бір топ шенеунік-саясаткерлердің сөзін жинақтап беріп отырмыз.

1374904851_Velikaya_rossiya_large.jpg

Соловьев пен Затулин...

Әңгіме АҚШ, Англия, Франция үштігінің Сирияны атқылауынан басталып, «дәл осы шақта Қазақстан Ресейді неліктен қолдамады?» деген сұрақ қойды. Олардың ойынша қазақ билігі АҚШ-ты айыптап, Ресейді қолдауға тиіс көрінеді.

Тележүргізуші Владимир Соловьев деген біреу қызды-қыздымен: «Қазақстанда біздің альянс қандай өзі? Олар бізге неге қолдау білдірмеді? Арамыздан қар мысық кесіп өтті ме? Әлде келесі майданның Қазақстанда болғанын күтеміз бе?» деп доқ көрсете сұрақ тастады. Оның сөзінше, қазақтарда ешқашан тіл болмаған. Бұл өзі бұрыннан шовинистігімен аты шыққан журналист. Тұтас Украинаны тартып аламыз деп даурыққан болатын Қырым оқиғасы кезінде. Оның сұрағына жауап та сұмдық болды. Мұндайда жириновскийлік қояншығы ұстайтын орыс саясаттанушылары қарап тұрсын ба, бірінен соң бірі ақтарылды.

Без названия.jpg

(Журналист Соловьв)

Бірі Қазақстан бізден жырақтап барады десе, екінші біреуі «Қазақстан латын әліпбиіне көшкені орны толмас өкінішке соқтырады. Олар отпен ойнап жүр» дегендей кержақтана тіл қатты. 

Бұл басқосуда ең ауыр сөзді Константин Затулин деген айтты. Ол РФ Мемлекеттік думасы комитет төрағасының орынбасары екен. Ол өкінішін жасыра алмастан былай деді:

Затулин.jpg

– Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері бізден алыстап, қазақыланып барады. 91 жылдары орыстардың саны басым еді. Қазір аз ұлтқа айналды. Бұл қауіпті құбылыс, – деді Затулин.

Жириновский: «Алдымен – Украина, содан кейін – Қазақстан...»

Саудың асын ішіп, жындының сөзін сөйлейтін Жириновский көптен бері Қазақстанды мазақ етіп келеді. Өзі Алматыда туған ресейлік сайқымазақ саясаткер Қазақстанның солтүстіктегі облыстарын Кеңес одағының қателігінен Ресейден бөлініп кеткен аймақ деп ашық айтып жүр. 

Жириновский.jpg

«Қазақта жер жоқ, – деген ол бір жылдары. – Солтүстігі, Шығысы, батысы түгел өзгелердің жері. Олардың жері алақандай ғана, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда. Алматының өзі кезінде Верный деп аталған. Күндердің күнінде әділет орнайды».

2014 жылы Ресей Украинаға басып кіріп, Қырымды аннексиялап алғанда осы Жириновскийдің кәрі жыны қатты қозды. Сол кезде Ресей мемлекеттік думасы төрағасының орынбасары, ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновский Орталық Азия елдерінің, соның ішінде Қазақстанның болашағына күмәнмен қарайтынын ашық мәлімдеп, «Ресей Украинаны ғана емес, осы мемлекеттердің барлығын уысынан шығармауы керек еді.  Түптің түбінде Ресей шекарасын оңтүстікке қарай кеңейту керек» деп соқты.

Дәл сол жылы «Эхо Москвы» радиосына сұхбат берген ол «орыстардың арқасында ел болған» Қазақстанды Жоңғарлардан Ресей құтқарды деді. Журналистің «территориялық наразылықты қашан білдіресіздер?» деген сұрағына: «Күту керек. Алдымен Украинаның шипасын бітірелік. Содан кейінгі кезек Қазақстандікі» екенін ескерткен. Ол Қазақстанда антиресейлік көзқарастың тарай бастағанына налыған.

Жириновский мұндай байбаламның талайын айтып жүр. Оған қой дейтін Ресей билігі жоқ. Қайта, арасында жел беріп, желпіндіріп қояды. «Ит болған соң үреді де» дерсіз. Бірақ оны қолдайтын топ көп. Оның сөзін әр түрлі формада қайталап, Қазақстанды өзінен алыстатқысы келмейтін ірі шенділер жетерлік. Солардың бірі...

E88C9D8A-6637-413D-95C4-5F2BC8142E65_w1023_r1_s.jpg

Путин: «Қазақта ешқашан мемлекет болмаған»  

Дәл осылай айтты. Өзге емес, Путин... Ол шын мәнінде Жириновскийден асып түсті. Басқа біреу айтса бір жөн, Ресей Президентінің аузынан мұндай сөз шығады деп ешкім күтпеген.

2014 жылы жастармен кезіккен ол Қазақстан Президентін мақтай келе:

– Ол ерекше нәрсе жасады. Ол ешқашан мемлекет болмаған аумақта мемлекет құрды. Қазақтарда ешқашан мемлекет болмаған, –деді. Оның бұл пікірі қызу пікірталас тудырды. Қазақстандықтар қарсы пікірді оқша жаудырса, ресейлік интернет қолданушылар тіпті қызбалана тіл қатты. 

«Қазақта жазу да, мемлекет те болмаған»  

Путиннің сөзін Ресейдің  www.rosbalt.ru аталатын сайтында жарияланған мақалада (2014 жылы) Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағын жалға беру туралы жаңа шарт қойғанына күйініп, латын қарпіне көшпек ойын хаосқа теңеген. Автор «Қазақта жазу да, мемлекет те болмаған» деген байлам жасайды.  Сөзін нықтай түсу үшін Республикалық «Лад» славян қозғалысының төрағасы Максим Крамаренконы көпіртеді. Крамаренко екіленбестен: «ҚР Конституциясы бойынша орыс тілі «ресми тіл», бірақ оны ешкім іс жүзінде елеп-ескеріп жатқан жоқ», - деген.

Без названия (1).jpg

Лимонов: «Солтүстік Қазақстанды Ресейге қосу керек»

Орыстардың шовинистері тек билікте отырған жоқ. Өздерін оппозиция санайтындар сапында да Қазақстанды отары қатарынан көргісі келетіндер өріп жүр. 

2014 жылы Ресейге танымал опоозиционер Эдуард Лимонов деген өзінің Facebook парақшасында теңге девальвациясы Қазақстанды құрдымға сүйреп барады дей келе: «Назарбаев биліктен тайған күні Қазақстанның Солтүстік аймақтарын Ресейге қосып алу керек. Кезінде айырылған жерімізді түгендеу л үшін маңызды» деп көкіді. Оның бұл пікіріне қазақстандықтар жаппай қарсы болды. ҚР СІМ Мәскеуге қарсылық нотасын жолдады. 

2015_05_03-02-01_004.jpg

Владимир Штыгашев: «Қазақстанның 5 облысы біздікі»

Ресей құрамында Хакасия деген бодан ел бар. Сол елдің жоғары кеңесінің төрағасы Владимир Штыгашев Ресей Қазақстанға «жем болып отыр» деген байбалам салып, бір кездері алып империяның құрамдас бөлігі болған қазақтардың «тым тайраңдап кеткеніне» таңырқаған. Тура Жириновский аузына түкірген шығар дерсіз. Оның пікірінше, Ресей ойланбастан өз территориясы саналатын 5 облысты Қазақстанға бере салған.   «Күні ертең Қырымдағы скілді референдум өткізіп, кеткен жерімізді қайтарып алуымыз мүмкін» дейді хакас депутаты. Оның бұл сөзіне Астана реакция танытып, Ресей елшілігіне түсініктеме беруді талап еткен еді. 

Без названия (2).jpg

Назарбаев: «Орынборды бізге беріңіздер»

Қазақстанның тұтастығына, болашағына тіл тигізгендер бұлармен бітпейді. Олардың саны өте көп. Горбачевтің өзі тағынан айырылып тұрып, Қазақстанның Солтүстіктегі бес облысы Ресейдікі деген сөзін айтып кеткен. 

Ресейдің тұңғыш Президенті Ельцын Нұрсұлтан Назарбаевпен бір кездесуінде Теңіз кенішін сұрағанын Президент өз сұхбатында айтқан болатын. 

«Тәуелсіздіктің ал¬ғаш¬қы жылдарындағы әңгіме ғой. Екі¬жақты қарым-қатынастардың әр қырын талқылап отыр едік, әңгіме мұнай, газ ке¬ніштеріне ауысқан тұста Борис Нико¬лаевичтің аяқ астынан, бас жоқ, көз жоқ, «Нұрсұлтан Әбішұлы, осы Теңізді Ресейге берсеңізші...» деп қалғаны. Теңіз кен орнында мұнай мен газдың керемет қоры бар ғой. Әуелде қалжыңы шығар деп ойлағанмын. Жоқ, ойы тамырымды басып көру сияқты. Қайтер екен деп: «Онда бізге Орынборды облысымен қосып бере қойыңыздар?» дедім. Ол шоршып түсті. «Сонда қалай, Қазақстанның Ресейге территориялық талабы бар болғаны ма?» деді. Түрі өзгеріп шыға келді. Жанды же¬ріне тиіп кеткені көрініп-ақ тұр. «Ресейге территориялық талабымыз жоқ. Жәй, Орынбордың бір кезде Қазақстанның алғашқы астанасы болғанын айтқаным ғой...» дедім. Тауып айтқан сөзіңе тәнті болатын ер мінезді кісі еді ғой, жаңағы сөзіме қарқылдап күліп жіберді. Мен де күліп жатырмын. Одан кейін бұл тақырыпты қозғамайтын болдық». 

Түйін: Қазақстан Тәуелсіз ел. Әйткенмен, арам пиғылды, жат ниетті топ өкілдері сыртта ғана емес, ішімізде де бар. Елдікті сақтаудың жолы – бірлік пен ынтымақ. Әйтпесе, Совольвтердің сандырағы тыйылмайды.

www.mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар