АҚШ президенті Дональд Трамп Сирияда осыдан бірнеше апта бұрын болған америкалық және ресейлік күштердің айқасы жайлы мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Біз осыған дейін де айтқан болатынбыз. Біраз уақыт бұрын, осыдан бір ай бұрын біздің әскерилер мен ресейлік әскерилердің арасында шайқас болды. Өте қайғылы жағдай. Осы шайқаста көп адам қаза болды", - деді Трамп Флоридада өткен баспасөз-конференциясы барысында.
Ақпан айының ортасында америкалық БАҚ өкілдері шайқастан ресейлік әскерилердің қаза тапқанын хабарлаған еді. Сол кезде Пентагон басшысы Джеймс Мэттис Сирияда ресейлік әскерилердің қаза болғаны жайлы ештеңе білмейтінін айтқан.
Ал Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Сириядағы ресейлік әскерилердің америкалық әскерилердің соққыларынан қаза болуы - жалған мәлімет екенін мәлімдеді. Ресейдің СІМ өкілдері әскери соғыс кезінде Ресей мен ТМД елдерінің азаматтары қаза тапқанын нақтылады. Сондай-ақ, бірнеше адамның жарақат алғаны, бірақ олардың арасында әскери қызметкерлердің жоқ екені айтылады.
Дереккөз: tengrinews.kz