Әлемдік көшбасшылар Трамптың Иранға байланысты ұстанымымен келіспейді

7.jpg


Сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты санкцияларды қалпына келтіруге ниетті екендігін мәлімдеді. Бұл Бірлескен кең ауқымды іс-қимыл жоспарынан (БКІЖ) шығудың алғашқы қадамы саналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Трамп БКІЖ-ді «ыдыраған және іріп-шіріген» келісім деп атады. Көптеген әлемдік көшбасшылар бұл ұстаныммен келіспейді.

Германия канцлері Ангела Меркель, Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй мен Франция президенті Эммануэль Макрон үшжақты телефон келіссөздерінен кейін бірлескен мәлімдеме жариялады. Олар үш мемлекеттің «бұрынғыша келісімді ұстанатындарын»  мәлім етті.

Мәлімдемеде  Иранмен келісімнің әлемді қауіпсіз орынға айналдырғаны айтылған және АҚШ-ты «мәмілеге байланысты барлық басқа тараптардың оны толық жүзеге асыруына кедергі келтіретін іс-әрекеттерден аулақ болуға» шақырды.

Көшбасшылар Иранды «АҚШ-тың шешіміне ұстамдылық танытуға» шақырғанын және Иранның келісім бойынша өз міндеттерін орындауды жалғастыруға тиіс екендігін айтты.

Соған қарамастан, Иран президенті Хасан Рухани тікелей эфирде АҚШ-тың ядролық келісім аясында өз мойнына алған халықаралық міндеттерін орындамағанын мәлім етті. Рухани БКІЖ-дің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мақұлдаған көпжақты халықаралық келісім екендігін еске салды.



Ұқсас тақырыптар