Америка президентінің айтуынша, Солтүстік Корея лидерімен болатын кездесуде «шын мәнінде тамаша нәтижеге қол жеткізуге болады», деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.
АҚШ президенті Дональд Трамп Канадада өткен «Үлкен жетілік» саммитінен кейін КХДР лидері Ким Чен Ынмен кездесу үшін Сингапурге ұшып шықты. Трамптың айтуынша, бұл кездесуде көптеген жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.
«Мен Сингапурге бара жатырмын. Бұл кездесу барысында Солтүстік Корея мен барша әлем үшін жақсы нәтижелерге қол жеткізетін мүмкіндік бар. Бұл күні біздің толқитынымыз рас. Сондай-ақ, Ким Чен Ынның барынша жақсы жұмыс істейтінін білемін», - деп жазды Америка президенті өзінің Twitter парақшасында.
Трамп Сингапурге жексенбі күні сағат 23:35-те (Астана уақытымен) ұшып келеді деп күтілуде.