АҚШ президенті Дональд Трамп пен «Үлкен жетілікке» енетін басқа мемлекеттің басшылары Канаданың Квебек қаласының маңайында өткен кездесуде ортақ келісімге келе алмады.
Сегіз мемлекеттің басшылары кездеспес бұрын Дональд Трамп «G7 саммитіне Ресей де қатыссса» деп өз көзқарасын білдірген.
–Бұл Сіздерге ұнай ма, жоқ па, ол жағын білмеймін, Бірақ бұрын болғанындай, Ресей G8 келіссөз столына қайта келуі тиіс, өйткені көп мәселені бәріміз бірігіп шешуіміз керек, – деп мәлімдеді АҚШ президенті журналистерге берген сұхбатында.
Алайда мұны қалған елдің басшылары қолдаған жоқ.Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей ең алдымен «Украинаға қатысты Минск келісімдерін жүзеге асыру керек» десе, қалғандары «халықаралық сыртқы саясатта ресми Мәскеу өзінің позициясын қайта қарау қажет» деп мәлімдеді.
Жалпы АҚШ лидерінің Канадаға бармас бұрын-ақ қалған мемлекет басшыларымен көзқарасы үйлеспейтіні бірден байқалған. Атап айтар болсақ, осының алдында АҚШ болат және алюминий өнімдеріне біржақты түрде баж салығын салды. Ядролық қаруға қатысты Иран мәмілесінен және Климат жөніндегі Париж келісімімен шықты. Мұның барлығы әрине, әлемдік қауымдастықтағы алпрауыт елдерге, ең алдымен ЕуроОдақ мүшелері мен Канадаға ұнай қойған жоқ. Ақыры «Үлкен жетіліктің» саммитінде АҚШ лидерімен олардың әңгімелері де оншалықты жараспады десе де болады. Дональд Трамп ортақ коммюникеге қол қоймастан Ким Чен Ынмен кездесуге Сингапурге асығыс кетіп қалды. Соңында коммюнике Трампсыз қабылданды. Ал мұнда не айтылды?
Коммбникеде жеті ел халықралық нарықта еркін, адал және өзара тиімді сауда орнату қажеттігі туралы мәселе көтерді. АҚШ-тың біржақты саясат жүргізіп отырғанына қарсылық білдірілді. Сондай-ақ Иранға халықаралық жағдайда тұрақсыздық туғызбас үшін ракеталық қондырғаларды сынаудан бас тарта тұруды шақырды. G7 басшылары Сирия билігін химиялық қару қолданғаны үшін айыптады. Сонымен қатар «Үлкен жетілік» Мәскеудің ұстанып отырған саясатын қолдамайтынын мәлімдеді. Мәскеудің Сирия режимін қолдап отырғанына наразылық білдірілді. Егер ресми Мәскеу өзінің позициясын өзгертпесе, алдағы уақытта қосымша қатаң шаралар қолданылатыны да айтылды. Олар британ арнайы қызмет орнында қызмет істейтін бұрынғы ресейлік полковник Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияның ресейлік органдары тарапынан уланғаны жөніндегі деректі де растады.
Әрине, мұның барлығын Трамп қалай қабылдады? «Үлкен жетіліктің» соңғы күніндегі өз тарапына қатысты мәлімдемесін АҚШ президенті қолдаған жоқ.
–Осы күнге дейін халықаралық нарықта АҚШ-қа қатыста әділетсіз сауда жүргізіліп келді. «Мәселе өзгерер» деп біз ондаған жылдар бойы күттік. Бірақ АҚШ қашанғы ұтыла береді? Енді біздің фермерлер мен компанияларға және өндіріс орындарына басқа елдер тарапынан үлкен көлемде баж салығы салынса, АҚШ төзе алмайды әрі оған рұқсат бермейді, –деп мәлімдеді президент Дональд Трамп.
Соған қарағанда, ЕурорОдақ пен АҚШ елдері арасында алдағы уақытта текетірес әлі де жалғасатын сияқты. Әрине мұның барлығы президент Дональд Трамптың ұстанған саясатынан бастау алып отыр. Кейінгі кезде Трамптың бастамасымен АҚШ өзіне тиімсіз халықаралық шарттардан біртіндеп шыға бастады. Бұл әрекет қалған елдерге ұнамай отыр. Әсіресе, ЕуроОдақтағы Германия мен Франция бірден Вашигтонның саясатына ашық қарсылығын білдірді. Сөйтіп, Канадада өткңен «Үлкен жетіліктің» саммиті текетірес көзқарастармен аяқталды. Енді сарапшылар алдағы уақытта «Үлкен жетілік» G6+1 –ге айналуы мүмкін деп болжам жасап үлгерді. Қалған алты ел бір жақ, ал АҚШ екінші жақта қалды. Бірақ бұл болжамның орындалуы екіталай. Ақиқатында, АҚШ-тың гегомондық саясаты қалған алпауыт алты елге ұнамай отыр. Бірақ оны місе тұтып отырған АҚШ жоқ. Канадада өткен кездесуден апыл-ғұпыл кеткен Дональд Трамп Сингапурге аттанды.
Ол 12 маусым күні Ким Чен Ынмен жүздеседі. «Ғасыр кездесуі» бұрынғы қордаланған мәселені шеше ме? Оны енді бірер күнде білетін боламыз…
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
Айқын газеті