Тоқаев: "Назарбаев 2020 жылы президенттік сайлауға түседі дегенге сенбеймін"

токаев.jpg

Қазақстан Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев. © РИА Новости 

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылы өтетін кезекті президенттік сайлауына қатыспайды деп есептейді, - деп хабарлайды РИА Новости. 

"Шынымды айтсам, Президент Назарбаев 2020 жылы президенттік сайлауға қатысады дегенге сенбеймін. Себебі ол өте дана адам және ақылы көп. 2020 жылы бізде өзге кандидаттар болады", - деді Тоқаев Би-би-си арнасындағы Hardtalk бағдарламасының жүргізушісіне берген сұхбатында. Сұхбаттың үзінділерін сәрсенбіде британ телерадиотарату корпорациясы жариялады. Спикердің айтуынша, бұл оның "жеке пікірі".

"Әрине, президенттік сайлауға қатысу-қатыспауы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіне байланысты. Бірақ мен ашығын айтсам, ол сайлауға қатысады дегенге сенбеймін", - деді Тоқаев. 

Ал өзіне президенттік сайлауға қатысу-қатыспауы туралы сұраққа ол былай деп жауап қатты: "Мен олай деп айтпас едім". "Тіпті Президент Назарбаев ел президенті болмаса да, ол елдің ішкі және сыртқы саясатында айрықша рөлі бар адам болады", - деді Парламент Сенатының төрағасы. 

6 шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев 78 жасқа толады. Ол Қазақстанда республика құрылғалы бері, 1991 жылдың 1 желтоқсанынан бері басқарып келеді. Соңғы кезектен тыс сайлауда 2015 жылдың 26 сәуірінде Назарбаев 98 пайыз дауыс жинап, бесінші мәрте сайлауда жеңіп шыққан. Оның өкілеті 2020 жылдың сәуірінде аяқталады. Конституция бойынша, Назарбаев Қазқастанның Тұңғыш Президенті ретінде шектеусіз сайлауға түсе алады.

kaz.tengrinews.kz



Ұқсас тақырыптар