Қ Тоқаев дін лидерлерінің VI Съезіне әзірлік жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

1.jpg

Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне әзірлік жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді. Діни форум «Діни көшбасшылар қауіпсіз әлем жолында» тақырыбымен 2018 жылғы 10-11 қазанда Астанада өтеді. 

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Калетаев, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев VI Съезге әзірлік жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы сөз сөйледі. 

Қазірдің өзінде 74 делегат Сьезге қатысатындарын растады, форумның Қорытынды декларациясы бойынша жұмыстар жүргізілуде. VI Съезд аясында Бейбітшілік пен келісім мұражайының ашылуы және «Астана - бейбітшілік дауысы» халықаралық фестивалі өтеді.

2.jpg

Қ.Тоқаев мемлекеттік комиссия мүшелеріне бірқатар тапсырмалар берді. Сенат Төрағасы іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін және оның ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аудартты.



Ұқсас тақырыптар