Сенат Төрағасы Қытайдың шет елдермен достастық қоғамы төрағасының орынбасары И.Сяньді қабылдады

DAA_5164.jpg

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың шет елдермен достастық қоғамы төрағасының орынбасары И.Сяньды қабылдады.

Сенат Төрағасы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың серпінді дамуын атап өтті.

Төрағаның пікірінше, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің тұрақты кездесулері мен келіссөздері Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың дамуына айтарлықтай серпін берді.

Қ.Тоқаев сондай-ақ, стратегиялық әріптестіктің маңызды қыры парламентаралық диалог болып табылады деп санайды. Екі елдің парламенттерінде ынтымақтастық топтары табысты жұмыс жасайды, олар парламенттік делегациялар сапарларымен алмасып, өзара парламентаралық байланыста қызмет етуде.

И.Сянь Қытайдың достық қоғамының шет елдермен ынтымақтастығы туралы, оның мақсаттары мен болашақ жоспарлары туралы хабардар етті. «Біздің елдеріміз арасындағы мемлекетаралық қатынастардың дамуына өз үлесін қосу үшін халықтар арасында байланыс орнату қажет», - деді ол.

Сенат Төрағасы Қазақстан мен ҚХР арасындағы ынтымақтастықты одан әрі серпінді және көп қырлы ету мақсатында «Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» стратегияларын тиімді пайдалану қажеттілігін атап өтті.



Ұқсас тақырыптар