Синьцзян-Уйғыр автономиялы ауданындағы мұсылмандарға жасалып жатқан қысымға қарсы АҚШ Қытайға санкция енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл жайында мемлекеттік хатшы Майк Помпеоның көмекшісі мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru порталына сілтеме жасап.
Оның сөзінше, Вашингтон Синьцзян-Уйғыр автономиялы ауданындағы жағдайды бақылап отыр және қажетті шараларды қолдануға дайын.
Бұған дейін The New York Times басылымында шектеу шараларының енгізілу мүмкіндігі туралы мәлімет тараған. Ол кезде ұйғырларды саяси қайта тәрбиелеу мәселесіне қатысты жоғары шенді шенеуніктер ғана санкцияларға ілінетіндігі айтылған.
Сонымен қатар, лагерлердің құрылысы мен аймақта бақылау жүйесін енгізуге қатысқан қытайлық компанияларға қатысты шаралар қабылданбақ. Оның ішінде, биологиялық материалдар мен ДНК үлгісін жинаумен айналысып жүрген Hikvision және Dahua Technology компаниялары бар.
Ақ үйде санкцияларды талқылау осымен бірнеше айға жалғасып келеді, деп жазады басылым. Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Синьцзян-Уйғыр автономиялы ауданындағы эниканың проблемасына жете мән бермегендігі айтылады.
Қытай үкіметінің пікірінше, тұрғындарының басым көпшілігі мұсылман болып келетін Синьцзян-Уйғыр автономиялы ауданы арқылы елге Пәкістан мен Ауғанстаннан теріс пиғылды исламистер келуде. Сондықтан Қытай үкіметінің мұндай шаралары лаңкестерге қарсы тұрып, осы аудандағы мұсылмандарға бақылау жасауға бағытталған.