Германия канцлері Ангела Меркель Еуропа парламентінің депутаттарын Еуропаның ортақ армиясын құруға шақырды. "Біз осы бағытта жұмыс істеуіміз керек" деп мәлімдеді Меркель 13 қарашада Страсбургте депутаттар алдында.
"Еуропа күшті болғанда ғана өз құндылықтарын қорғай алады. Біз өз тағдырымызды өз қолымызға алуымыз керек" деді Меркель.
Бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон Europe-1 радиосының эфирінен Еуропаның өзін Ресей, Қытай, тіпті АҚШ-тан қорғайтын армиясы болуы керегін мәлімдеген. "Біз өзімізді Қытай, Ресей, тіпті АҚШ-тан қорғауымыз керек" деген Макрон.
Азаттық радиосы