Литва бірнеше ресейлікті санкция тізіміне енгізді

4.jpg

Литва Керчь бұғазындағы жанжалға байланысты бірнеше ресейлік азаматқа қатысты санкция енгізді. Бұл туралы шешімді Литваның миграция департаменті қабылдаған. BNS ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Delfi сайтының хабарлауынша, санкция тізіміне 20 ресейлік енгізілген, бірақ ақпаратта олардың аты-жөні аталмаған.

Бейсенбіде Литва сыртқы істер министрлігі Керчь бұғазындағы жанжалға жауапты адамдарға қатысты шектеу шараларын енгізуді ұсынған. Министрліктің мәлімеуінше, Ресейдің іс-әрекеті халықаралық құқықты өрескел бұзады және халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіреді.

Қарашаның 25-і күні ресейлік шекарашылар Мәскеу 2014 жылы аннексиялап алған Қырым түбегінің жағалауына жақын тұста Украина әскери-теңіз күштерінің үш кемесін атқылап, оларды экипаж мүшелерімен қоса ұстаған. Украина кемелерінде барлығы 24 теңізші болған. Ресей соты оларды «шекараны заңсыз кесіп өткен» деген айыппен екі айға қамаған.



Ұқсас тақырыптар