Сириялықтар өз болашақтарын өздері құруы тиіс. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сириялықтар ел Конституциясына өзгерістерді, оның аймақтық және әкімшілік құрылымы, президенттік және парламенттік сайлауларды қоса алғанда қажетті заңнамалық реформалар жүргізу арқылы өздерінің болашақтағы саяси жүйелерін құруды бастауы тиіс», - деді ол елордада басталған Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі Астана процесінің кепілгер елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде.
Қайрат Әбдірахмановтың пайымынша, жаңа қадамдар қабылдау қажеттігі туындап отыр.
«Әлемдік қоғамдастық бірқатар қауіпті қақтығысқа куә болып отыр. Бұл зорлық-зомбылықтың тіпті деэскалация аумағында да өсіміне әкелді. Аталған жаңа қарулы әрекеттер әйелдер мен балаларды қоса алғанда бейбіт тұрғындардың арасында көптеген өлім-жітімнің болуына ықпал етті. Біз әлі де сириялық халықтың азапқа толы тағдыры доғарылуы тиіс деген ұстанымдамыз. Сирияның қарапайым азаматтарына аталған жантүршігерлік қақтығыс барысында өте үлкен нұқсан келді. Бүгінде Сирияда байқалып отырған жайттар өңірлік тұрақтылыққа қауіп төндіріп қана қоймай саяси реттеу жолдарын іздеудегі күш-жігерді де бұзады. Астанада қол жеткізілген келісімдер тек қана қағазда қалып қоймауы тиіс. Олар сезілетіндей нәтижелер жасауы тиіс», - деді Қайрат Әбдірахманов.
Сонымен қатар ол Қазақстан Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі Астана процесінің кепілгер елдері Сыртқы істер министрлері Сириядағы соғысты тоқтату және деэскалация аймақтарын белгілеу бойынша келісімді қатаң орындау үшін қосымша консультативтік қадам жасайтындығына сенім артатындығын баса айтты.
«Жер-Жерде шиеленістің өрши түсуі аясында біз негізгі өңірлік және халықаралық субъектілер барынша қажет деп санаймыз. Бірінші кезекте Ресей мен АҚШ аталған мәселе бойынша конструктивті диалогты бастаулары қажет. Сирия ахуалын реттеудегі осы екі ықпалды күштердің табысты ынтымақтастығы барлық тараптардың және толықтай алғанда Сирия халқының мүддесіне жауап беретін болады», - деді ҚР Сыртқы істер министрі.
Қазақстан тарапы жанжалдың одан ары ушыға түсуі еш тарапқа да пайда әкелмейді. Сирия халқын одан ары азапқа түсіре беретін болады, деп есептейді.
«Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі, бұл жанжалдың бейтарап әрі әділ бітімгері ретінде Сириядағы қантөгісті тез арада тоқтату және ахуалды бейбіт жолмен реттеуге үміт арта отырып, мүдделі тараптарға қажетті барлық көмекті көрсете беруін жалғастырады», - деп түйіндеді сөзін Қайрат Әбдірахманов.
inform.kz