Ливиялық Джамахирияның бұрынғы лидері Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Ислам Каддафи алда Ливияда өтетін президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы оның өкілі Айман Бурас мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz порталы РИА Новостигесілтеме жасап.
Былтыр желтоқсан айында Каддафи отбасының өкілі Ливияның бұрынғы басшысының ұлы таяуда ел президенті болуға үміткер болғысы келетінін мәлімдеген болатын.
"Саиф әл-Ислам Каддафи алдағы президент сайлауында өзінің үміткерлігін ұсына отырып, билікке емес, елді құтқарып қалуға ұмтылады", - деді баспасөз-конференциясы барысында Айман Бурас.
Осыған дейін Ұлттық келіссөз Үкіметі Сыртқы істер министрлігі басшысы Ливиядағы президент сайлауының 2018 жылдың ортасында өтетінін мәлімдеген еді.